«Табыс» коммуналдық базары

2009 жылдың тамызында Ақтөбеде ең ірі “Табыс” коммуналды азық-түлік базары ашылды. Базардың жалпы аумағы – 4 752 шаршы метр. 500 шаршы метр аумақта ет және сүт өнімдеріне арналған тоңазытқыштар мен сөрелер орналастырылған. Сауда залының аумағы 3 мың шаршы метр. Бұдан бөлек, базардың зертханасы, сақтау камералары және тоңазыту жабдықтары бар.

 

Базардың ауласы абаттандырылған. Көліктерге арналған тұрағы, жеке мамандандырылған күзет қызметі бар, бейнебақылау жүргізіледі. Бөлшек және көтерме сауда үшін барлық жағдай қарастырылған. “Табыс” коммуналды базары делдалдықты жою және ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз тауарларын кедергісіз сатуы үшін ашылды.

 

Базарда жыл сайын күзгі жәрмеңкелер өтеді. Жергілікті шаруалар ет, сүт өнімдерін, көкөністі халыққа тиімді бағамен сатады. Әлеуметтік дүкенде тұрақтандыру қорының өнімін 10-15 пайызға төмен бағамен сатып алуға болады.