Тұрақтандыру қоры

Тұрақтандыру қоры

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы – өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі оператор. Тұрақтандыру қорына 100 пайыз жергілікті көкөніс салынады. Бұл әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін құрылған қор. Биыл тұрақтандыру қорына 2 мың 338 тонна картоп, 535 тонна пияз, 419 тонна сәбіз бен 319 тонна қырыққабат салынады.

Тұрақтандыру қорына көкөністің үлкен партиясын «СХФ Пригородный» ЖШС-і  жеткізеді. Өңірдегі ірі көкөніс шаруашылығының 3 мың тонна өнім сақтай алатын қоймасы бар. Қойма жабдықтары мен  желдету қондырғылары Голландиядан әкелінген. Әлемдік стандартқа сай сақталған көкөніс арзан бағамен қаланың азық-түлік базарларына түседі.

2020 жылы үш шаруашылықпен фьючерлік келісім-шарттар жасалды. «СХФ Пригородный» ЖШС-і 125,35 млн теңгенің,   «Еламан 2014» ЖШС-і 10 млн теңгенің, «Болат ЛТД» ЖШС 11,6 млн теңгенің көкөнісін тұрақтандыру қорына жеткізуі тиіс. 

Фьючерлік келісім-шарттың тиімділігі сол – қожалықтар көктемгі егіс жұмыстары кезінде көкөністі сатып алуға бөлінген қаржының 60 пайызын алдын-ала алады. Бұл ақша тұқым мен жанар-жағар май сатып алуға, техника жөндеуге жұмсалады. Тауар өндіруші өсірген көкөнісін қайда сатамын деп уайымдамайды. Бұның бәрі өнімнің сапасына әсер етеді. Мәселен, ақтөбелік шаруалар көктемге дейін сақталатын пияз өсіруді үйренді. Бұрын бұл көкөністі оңтүстік өңірлерден сатып алатынбыз. «СХФ Пригородный» ЖШС-і көкөністі сұрыптаумен айналыса бастады. Көкөністің сапасы жақсы. Бұған тұрақтандыру қорын қалыптастыру бойынша құрылған комиссия мүшелері де, облыс тұрғындары да көз жеткізді. 

Тауар  интервенциясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары  күрт қымбаттаған сәтте жасалады. Картоп пен өзге көкөністерді “Табыс” коммуналды базары мен шағын базарлардағы “Табыс” павильондарынан төмен бағамен сатып алуға болады. Биыл азық-түлік қорын толтыру үшін облыстық бюджеттен 208,3 млн теңге бөлінді.

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесін шешудің төмендегідей жолдары ұсыналады:

Ақтөбе облысының қаржы басқармасы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру ережелеріне сәйкес кәсіпкерлерге ұсыну үшін «Ақтөбе» ӘКК-на 500 млн теңге көлемінде несие берді.  Қарыз беру қайтарымдылық, қамтамасыздық және ақылылық шарттармен келісім-шарт жасау жолымен жүзеге асырылады.

Бұл қаражат 1% бекітілген сыйақы мөлшерлемесімен жергілікті тауар өндірушілерге берілді. Келісім-шарт кәсіпкерлерді коммуналдық павильондар мен сауда желілерін үстеме ақысы 10 пайыздан аспайтын өнімдермен қамтуды міндеттейді.

 

Маусымаралық 2020-2021 жылдарға есептелген көкөніс жеткізу жөніндегі фьючерлік келісім-шарттар  

Атауы

СХФ «Пригородный»

«Еламан-2014» ЖШС

 «Болат ЛТД»ЖШС

Жалпы көлемі

  көлем кг теңге көлем кг теңге көлем кг теңге көлем кг 1 кг орташа бағасы теңге
 

Картоп

 

1 938 983

 

114 250 000

 

200 000

 

10 000 000

 

200 000

 

11 600 000

 

2 338 983

 

58

 

135 850 000

 

Қырыққабат

 

319 492

 

18 850 000

 

 

 

 

 

319 492

 

59

 

18 850 000

 

Сәбіз

 

419 492

 

24 750 000

 

 

 

 

 

419 492

 

59

 

24 750 000

 

Пияз

 

535 185

 

28 850 000

 

 

 

 

 

535 185

 

54

 

28 850 000