«Ақтөбе» ӘКК» АҚ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (ГПХ) жасасу арқылы жеке «Газель» автокөлігі бар жүргізушіге конкурс жариялайды.
Қатысуға ниет білдірген тұлғалардан түйіндемені spk.aktobe@mail.ru электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Өтінімдер 2025 жылғы 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
1. Жалпы талаптар
-
Жүргізушісімен бірге «Газель» маркалы автокөлікті ұсыну қызметі.
-
Автокөлік жақсы техникалық жағдайда болуы, тұрақты техникалық қызмет көрсетуден өтуі, жарамды техникалық паспорты және барлық қажетті құжаттары болуы тиіс.
-
Жүргізушінің жұмыс тәжірибесі болуы, «B», «C» санатындағы жарамды жүргізуші куәлігі, сондай-ақ көлік құралын басқаруға рұқсат беретін медициналық анықтамасы болуы қажет.
2. Көлік құралының сипаттамалары
-
Автокөлік түрі: Газель (термобудка, жүк көтергіштігі 2 тоннадан бастап).
-
Жұмыс жағдайы: жарамды, кузовында көзге көрінетін зақымдарсыз.
-
Барлық қажетті құжаттардың болуы (сақтандыру, техникалық қарап-тексеру, тіркеу құжаттары).
-
Қосымша жабдықтың болуы (нақты тапсырмаларға қажет болған жағдайда: тент, жүк көтергіш құрылғылар және т.б.).
3. Жүргізушіге қойылатын талаптар
-
Жүргізушінің жасы: 25-тен 50 жасқа дейін.
-
Жол қозғалысы қауіпсіздігі негіздерін және көлік құралын пайдалану қағидаларын білу.
-
Ұқыптылық, жауапкершілік, сыпайылық.
-
Жүргізуші қызметтері: жүк тасымалдау, көліктің техникалық жағдайын бақылау, жүктің сақталуын қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін сақтау.
4. Төлем шарттары
-
Төлем айына 1 рет жүргізіледі.
-
Есеп айырысу: орындалған жұмыс туралы есеп және орындалған жұмыстар актісі негізінде.
5. Қосымша шарттар
-
Қосымша қызметтер көрсету мүмкіндігі (мысалы, жабдықты жалға беру, тиеу-түсіру жұмыстарын орындау және т.б.).
-
Жүк тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шарттары.
6. Келісу және бекіту
-
Маман кандидатурасы «Ақтөбе» ӘКК» АҚ Кадр саясаты жөніндегі комитетінде бекітіледі.