Жаңалықтар

«Ақтөбе» ӘКК-не Fitch Ratings агенттігінің «BB» деңгейіндегі халықаралық кредиттік рейтингі берілді


Халықаралық рейтингтік агенттік Fitch Ratings алғаш рет «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін «BB» деңгейінде айқындап, болжамын «тұрақты» деп бағалады. Сонымен қатар корпорацияға «A+(kaz)» деңгейіндегі ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг берілді.

Халықаралық кредиттік рейтингтің берілуі «Ақтөбе» ӘКК қызметінің тұрақтылығын, қаржылық орнықтылығын және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды рөлін көрсетеді. Бұл шешім корпорацияның өңірлік даму институты ретіндегі мәртебесін нығайтып, оның қызметіне деген сенімді арттыра түседі.

Fitch Ratings бағалауынша, «Ақтөбе» ӘКК Ақтөбе облысының негізгі даму институттарының бірі болып табылады. Корпорация кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, индустриялық инфрақұрылымды жетілдіру және инвестиция тарту бағыттарында маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді.

Агенттік өз есебінде корпорация қызметінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жүйесімен жоғары деңгейде ықпалдасқанын атап өтті. Сондай-ақ Fitch Ratings Ақтөбе облысы тарапынан қолдау көрсету ықтималдығын жоғары бағалап, корпорацияның өңір үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетті.

«Ақтөбе» ӘКК қызметі облыстың даму басымдықтарымен тығыз байланысты. Корпорация жүзеге асырып отырған жобалар кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, жаңа өндірістерді дамытуға, инвестиция тартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Халықаралық рейтингтің берілуі қаржы институттарымен және инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейтуге, нарықтық қаржыландыру құралдарын тиімді пайдалануға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Айта кету керек, «Ақтөбе» ӘКК заманауи қаржыландыру құралдарын дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұған дейін корпорация Astana International Exchange (AIX) алаңында әлеуметтік облигацияларды орналастырған Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация атанған болатын.

Бүгінде «Ақтөбе» ӘКК Ақтөбе облысының маңызды даму институттарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, индустриялық аймақты басқару және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарында белсенді жұмыс жүргізуде.

Fitch Ratings агенттігінің халықаралық рейтингі «Ақтөбе» ӘКК-нің корпоративтік басқаруды жетілдіру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және өңір экономикасының тұрақты дамуына үлес қосу бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесін айқындайды.
Тізімге оралу
Читайте так же

image

Бізбен байланысыңыз

Жобаңызды талқылауға және өңірдің тұрақты дамуы үшін практикалық шешімдер ұсынуға дайынбыз

Байланыс

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, call-орталыққа хабарласыңыз

antikor image

1424

Антикордың жедел желісі
logo

8 (7132) 45-91-16

Комплаенс қызметі