Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және ілгерілету – бұл инвесторлар үшін жобаның ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ететін, банктердің, инвесторлар мен мемлекеттік мекемелердің қолдауын алуға көмектесетін, жобаны жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді азайтатын, бір-бірімен байланысты іс-шаралар кешені.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге не жатады?
- Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлар іздеу;
- Жобаны орналастыру және әрі қарай жүзеге асыру үшін инвестициялық алаңдарды іріктеу;
- Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу сұрақтары бойынша Ақтөбе облысы әкімдігімен байланыс;
- Мемлекеттік қолдауға ие болу және оны пайдалану мәселелері бойынша кеңес беру
Инвестициялық жобаларды ілгерілетуге не жатады?
- Жобаны ілгерілету бойынша шаралар жоспарын құру;
- Ақпараттық сүйемелдеу;
- Қаржы институттарымен кездесу ұйымдастыру;
- Инвестициялық жобаның маркетингі (тәуекелдерді анықтау, талдау жүргізу, жобаны ретке келтіру және т.б.)
Жобаларды сүйемелдеу және ілгерілету кезеңдері:
- Біз “бір терезе” форматында сізден қабылданған өтінішті қарастырамыз;
- Өтініш қабылданған соң, біздің қызметкер ақпаратты растау және нақтылау үшін сізге хабарласады;
- Сізбен кездесу ұйымдастырып, жобаның дайындық деңгейін және қанша инвестиция тарту қажеттігін, т.б. анықтаймыз;
- Кездесудің нәтижесі бойынша бірге жұмыс істеудің әрі қарайғы бағыттарын анықтаймыз;
- Қажет болса, бизнес-жоспар құруға, инвестициялық алаңдарды іріктеуге көмектесеміз;
- Жобаны сүйемелдеу мен ілгерілету бойынша жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырамыз