Инвестициялық алаңдарды іріктеу

Инвестициялық алаңдарды іріктеу

Біздің мамандар әкімдік берген деректерге сүйене отырып инвестициялық алаңдар тізімін жасайды. Жаңа алаң базаға енгізілместен бұрын біз оны жан-жақты бағалаймыз.

Алаңның сипаттамасында  учаске аумағы, учаскенің құны мен оны жалға алу құны, инженерлік, көлік инфрақұрылымы,  кіретін жолы туралы толық ақпарат болады.

Инвестициялық алаңдарды іріктеу кезеңдері:

  • Сіз Ақтөбе облысының инвестициялық картасымен алдын-ала танысасыз.
  • “Бір терезе” форматында өтініш толтырып, бізге жібересіз.
  • Сізге инвестициялық алаңдар туралы мәлімет беріледі.
  • Сіз инвестициялық алаңдар ішінен керегін таңдайсыз.
  • Сіз нақты шешім қабылдауыңыз үшін алаң иелерімен инвестициялық алаңдарды қарап шығу туралы келісеміз.
  • Қажет болса, жобаны сүйемелдеу үшін қосымша қызметтер тізімін ұсынамыз.