Инвестициялық жобаларды бағалау

Инвестициялық жобаларды бағалау

Біз сіздің жобаңызды Қазақстан Республикасы мен Ақтөбе облысы әкімшіліктерінің нормативтік құжаттарына сәйкестендіреміз. Сараптаманы қаржы-инвестиция саясаты және бағалауды жүргізу саласында білімі мен тәжірибесі зор мамандар жүргізеді.

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ы  жобаларды білікті бағалау,  оларды жүзеге асырудың пайдалылығы  туралы қорытынды беру, банктер, инвестициялық қорлар мен басқа да несие ұйымдары және даму институттарына тапсыратын құжаттарды дайындау бойынша барлық қажетті ресурстарға ие.

Инвестициялық жобаларды бағалауға не кіреді: 

  • Жобаның экономикалық тиімділігі
  • Жобаның бюджеттік тиімділігі
  • Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемі
  • Жобаны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсету  тәуекелдері
  • Жоба өтімділігінің мерзімдері
  • Жобаның сандық және сапалық көрсеткіштерінің сәйкестігі

 

Инвестициялық алаңдарды іріктеу кезеңдері:

  • Біз “бір терезе” форматында сізден қабылданған өтінішті қарастырамыз;
  • Ақпарат жинаумен және тексерумен айналысамыз;
  • Алдын ала есеп  жүргіземіз. Жобаның “әлсіз” тұстарын және қаржылық жағдайын анықтаймыз;
  • Қаржылық бағалаудың алдын ала есебі нәтижелері бойынша бастапқы деректерді түзетеміз және толықтырамыз;
  • Соңғы есептерді жүргіземіз. Толық сараптама жасаймыз. Инвестицияның тиімділігі мен тәуекелдерді бағалаймыз;
  • Жобаны жүзеге асырудың пайдасы жөнінде қорытынды есеп дайындаймыз.