Ақтөбе облысы туралы

Ақтөбе облысы туралы

Қазақстан Республикасы үшін Ақтөбе облысының экономикалық және стратегиялық маңызы зор. Оның территориясын табиғи байлықтардың айрықша қазынасы деп атауға болады. Аймақ – хром қоры бойынша әлемде алдыңғы қатарда, оның көлемі 400 миллион тоннадан асады. Жер қойнауында титанның жалпыреспубликалық қорының 40% және никельдің 55% жатыр. Облыс территориясында көмірсутекті шикізаттың болжанған қоры 30% құрайды, мұнайдың өнеркәсіптік қоры бойынша облыс республикамызда үшінші орында. Мұнда алтын, күміс, мыс, мырыш, кобальт, каолин, фосфорит, мұнай-битум жыныстарының және құрылыс материалдарын жасауға арналған шикізаттың ірі кен орындары бар.

Электр энергиясы, газ, сумен қамтылуы және білікті кадрлардың арқасында еліміздің өнеркәсібі қарқынды дамыған өңірінің  инвестициялық әлеуеті зор.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  көлік дәлізі Еуропа мен Азияның ең алыс нүктелерінің ара қашықтығын айтарлықтай қысқартты. Халықаралық тас жолдың 628 шақырымды құрайтын Ақтөбе учаскесі бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілді. 2020 жылы Актөбе-Атырау-Астрахань автокөлік жолын қайта жаңарту жұмысы аяқталады. Көлік инфроқұрылымын дамытудың келесі жобасы – «Орталық-Батыс» автожолы Ақтаудың теңіз портына Астана арқылы шығуды қамтамасыз етеді. Көлік-логистикалық орталықтар желісі мультимодаль көлік дәлізін құру нәтижесінде кеңейеді. «Қазақстан темір жолы» бұл жобаны түрік және әзірбайжан инвесторларымен бірлесе жүзеге асырады. Сонымен қоса «Ақтөбе» халықаралық әуежайында жүк хабының құрылысы жоспарлануда.

Облыс әлемдік атағы бар кәсіпорындарымен белгілі. «Қазхром» трансұлттық компаниясы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты», «Ақтөбебрентген», «Ақтөбе мұнай құрал-жабдықтары зауыты», «Ақтөбе металл құрастыру зауыты». Ақтөбе рельс-арқалық зауыты да қарқын алып келеді. 80 кен өндіруші қатарында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС және т.с.с.

Азық-түлік қауіпсіздігі белдеуі суармалы жерлерді көбейту, отбасылық шағын фермалар құру, жылыжайлар мен көкөніс сақтау қоймаларын салу есебінен нығаюда.  

Ақтөбе агломерациясы облыстың индустриялық-инвестициялық мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады.

2025 жылы Ақтөбе қаласы Қазақстанның  төрт урбанистік орталығының біріне айналады.  Сол уақыт ішінде Алға, Қандыағаш секілді шағын қалалар мен Хромтау моноқаласын қосқанда, бес ауданның 31 елді мекені қала шекарасына енеді.  

Дамудың тағы бір бағыты Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық кластердің құрылуы болады. Соның ішінде кардиохирургия, неонатальдық хирургия, трансплантология, экстракорпоральдық ұрықтандыру салалары дамытылады. Ақтөбедегі Жедел медициналық көмек қызметі толық жаңартылады. Осы мақсатта облыс әкімдігі  түріктің «HemogensHealthCare» компаниясымен 5,5 млрда теңгеге меморандум жасасты.

 

 

             АҚТӨБЕ – ИНВЕСТИЦИЯЛАР АЙМАҒЫ!