«Ақтөбе» ӘКК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 12 қарашада тіркелді (куәлік № 1682-1904-01-AO), 2011 жылғы 28 сәуірде қайта тіркеуден өтті.
Компанияны құрудағы мақсат – мемлекеттік және жеке секторды біріктіру арқылы Ақтөбе облысының экономикалық дамуына ықпал ету.
Компания өз қызметін акционерлік қоғамның жарғысы негізінде жүзеге асырады.
Құрылтайшысы: «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, жарғылық капиталдағы үлесі – 100% . Жарғылық капитал көлемі – 8,442,098 мың теңге.