Мемлекеттік қолдау мәселелері жөнінде кеңес беру

Мемлекеттік қолдау мәселелері жөнінде кеңес беру

Ақтөбе облысының инвестициялық белсенділігін арттыру, бәсекеге қабілетті өнімді шығару арқылы экономиканы дамыту,  мекемелер мен ұйымдардың төлем қабілетін жақсарту мақсатында өңірде кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсетудің түрлі механизмдері жүзеге асырылып жатыр.

Инвестициялық жобаға (соның ішінде инвестициялық басым жобаға) инвестициялық артықшылықтардың келесідей тұрлері ұсынылады:

       Кедендік баж салығынан босатылады:
  • келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде, бірақ, инвестициялық келісім-шартты тіркеген сәттен бастап 5 жылға дейінгі уақытта технологиялық құрал-жабдықтарды және олардың қосалқы бөлшектерін шетелден сатып алған жағдайда;

  • технологиялық құрал-жабдықтардың қосалқы бөлшектерін шетелден сатып алған кезде тиянақталған активтерге салынған инвестиция көлеміне қарай және инвестициялық жоба басым қызмет түрлері тізіміне сай болған жағдайда 5 жылға дейін;
  • шикізат және (немесе) материалды шетелген сатып алған жағдайда тиянақталған активтер пайдалануға берілген күннен бастап 5 жылға дейін.

 

       Мемлекеттік заттай гранттар:
    • ҚР-ның меншігі саналатын, өтеусіз уақытша пайдалануға берілетін немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану құқығымен кейін өтеусіз жекеменшікке берілетін мүлік;

    • мемлекеттік заттай гранттың ең үлкен мөлшері тиянақталған автивтерге салынған инвестиция көлемінің  30% -н құрайды.

       

         Салықтық артықшылықтар:
  •  инвестициялық келісім-шарт аясында шикізат пен материал импортын қосымша құн салығынан босату.

 


 

Инвестициялық басым жобалар бойынша қосымша ұсынылуы мүмкін артықшылықтар:

         
             Салықтық артықшылықтар:
    • корпоративті табыс салығының есептелген сомасын 100 пайызға азайту, 10 жыл;

    • жер салығы мөлшерлемесіне нөлдік коэффициент қолдану, 10 жыл;

    • мүлік салығын  0 пайыз мөлшерлемесімен есептеу, 8 жыл.

           

            Инвестициялық субсидия:
  • құрылыс-монтаж жұмыстары мен құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындардың  30%  өтеуге беріледі.

Инвестициялық субсидияны беру тәртібі РҚ Үкіметінің 29 желтоқсан 2015 жылғы №1120 қаулысында бекітілген.  www.adilet.zan.kz/rus/docs/P1500001120