Құрылу тарихы

«Ақтөбе» индустриялық аймағы 2015 жылы құрылған. Ақтөбе қаласының өндірістік аймағында, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында, қаладан 5 км қашықта, ал Ресей Федерациясы (Орынбор облысы) шекарасынан 97 км қашықта орналасқан.

Индустриялық аймақтың қызметі химиялық өнеркәсіп, металлургия, машина құрастыру, құрылыс материалдары өндірісі, көлік логистикасы және т.б. бағыттарда жүргізіледі.

Индустриялық аймақтың жалпы аумағы – 200 га; оның ішінде:

155 га – пайдалы жер учаскесі

77,8 га –жобаларға арналған аумақ

45 га – инфрақұрылымға арналған аумақ

«Ақтөбе» индустриялық аймағында 22 резидент-компания бар. Олар жалпы құны 33,7 млрд теңгенің бірнеше жобасын жүзеге асыруда. Сегіз жоба Болгария, Германия, Түркия, АҚШ пен Ресей инвесторларының қатысуымен жүргізіліп жатыр. 1 мың 602 жаңа жұмыс орны құрылады.

Анықтама:

Бүгінге дейін индустриялық аймақта 6,2 млрд теңгенің 7 жобасы іске асырылды, 340 жұмыс орны құрылды.;

2020 жылы және одан кейінгі жылдары 27,5 млрд теңгенің 15 жобасын жүзеге асыру жоспарда бар, 722 жаңа жұмыс орны пайда болуы тиіс.

«Ақтөбе» индустриялық аймағындағы инженерлік-коммуникациялық желілер:

Электр желілері – 110/35/10 (8,78 тг/кВт), қуаты 126 МВт (2*63 МВт)

Газ – В/Д ф426 (12,89 тг/м3), қуаты тәулігіне 200 м3

Ауыз су –  ф110мм (268,78 тг/м3), қуаты тәулігіне 200 м3

Техникалық су –ф450мм, қуаты тәулігіне 4500м3

Кәріз желілері–ф180мм  (274,87 тг/м3) қуаты тәулігіне 200 м3

Теміржол– L-3063 м