Жер қойнауын пайдалану

«Ақтөбе» ӘКК » инвесторларды келесі бағыттарды игеруге шақырады

Перспективные свободные мест. по ОПИ, анализ …

 

Жер қойнауын пайдалану саласындағы жеке және заңды тұлғалардың ұсынатын инвестициялық жобаларын қарау регламенті мен тәртібі, құқықты рәсімдеу, бірлескен кәсіпорын құру және жер қойнауын пайдалану құқығын инвесторға (серіктеске) беру.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға Ақтөбе облысындағы пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру бойынша жобаларды іске асыру мен оларға инвестиция тарту кіреді.

Инвестициялық процестің барлық кезеңдерінің жалпы тәртібі:

  1. Жобалар бойынша ұсыныстарды қабылдау мен тіркеу.
  2. Кәсіпорын туралы қолда бар ақпараттың, кен орындары (учаскелер) бойынша геологиялық ақпараттың, жер қойнауын пайдалану нысандарының техникалық-экономикалық шарттарының негізінде жобалар бойынша ұсыныстарды қарастыру және талдау.
  3. Жобаны таныстыру.
  4. Коммерциялық ұсыныс жасау және жер қойнауын пайдалану құқығын алу.
  5. Инвестициялық жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы Шарт жасасу және оны қаржыландыру.
  6. Бірлескен кәсіпорын құру немесе инвестор кәсіпорнының үлесіне кіру, сонымен қатар құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе бірлескен қызметке Қоғамның Салымы болып жер қойнауын пайдалану құқығы табылады, стратегиялық серіктес (инвестор) салымы болып Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақшалай қаражаттар және басқа да мүлік табылады, оның мөлшері жер қойнауын пайдалануға деген келісім-шарт бойынша жобаны жүзеге асыруға және міндеттемелерін 100% орындау мен БК қызметін іске асыруға қажетті шамада болады.
  7. Кен орнының өндірістік әзірлемесі.
  8. Жобаны аяқтау рәсімі және жобадан Қоғамның шығуы.

Қазақстан Республика Үкіметінің 31.10.12 ж. №1382 қаулысымен бекітілген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын дамыту Тұжырымдамасына сәйкес,  жобадан шығу егер жобалық компания ӘКК-нің қатысуынсыз инвестициялық жобаны жүзеге асыру келешегіне ие болған жағдайда қарастырылады.

Байланыс:

Зарипов Самат Жанайдарович

Тел: +7 (7132) 74 04 40

Байланыс

АО «СПК «Актобе»

+7 (7132) 74-20-48

spk.aktobe@mail.ru