Индустриялық аймақ

Индустриялық аймақ

Жобалар

Инфрақұрылым

Пайдалануға берілді
Аяқталмаған құрылыс
Бос аймақ
Жолдар
Сумен жабдықтау
Газбен жабдықтау
Темір жол
Кәріз
Ішетін су
Электр энергиясы
Компания туралы: Деректер орталығының жобасы

Жетекшісі: Алитурлиев Сандыбай

Аудан: 9 Га

Жобаның құны: 10,8 млрд. тг

Жұмыс орындарының саны: 15 жұмыс орны

Өнім көлемі:

Ақша түрінде:

Ағымдағы жағдайы: Аяқталмаған құрылыс

Өнеркәсіп: Ақпарат және байланыс

" data-pos="[50.382301,57.119159],[50.38499,57.116933],[50.386636,57.121621],[50.385661,57.122415],[50.384984,57.120377],[50.383204,57.121857],[50.382301,57.119159] ">

Сипаттамасы

Индустриалық аймақ Ақтөбе қаласының өндірістік аумағында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында, қаладан 5 км, Ресей Федерациясы шекарасынан 97 км қашықтықта (Орынбор облысы) орналасқан. Индустриалық аймақтың аумағы – 200 га (оның 155 гектары пайдалануға болатын аймақ).

Индустриялық аймақты басқару

Индустриялық аймақтың басқару органы – «Ақтөбе» ӘКК АҚ еншілес ұйымы «УКИЗ» ЖШС (UKIZ – «Ақтөбе индустриялық аймағын басқару компаниясы»).

Индустриалық аймақтың артықшылықтары:

Дайын өндірістік инфрақұрылым

Энергия ресурстарының төмен тарифі

Инвесторлар үшін тиімді

Қолайлы көлік логистикасы

«Бір терезе» қағидаты бойынша жобаны сүйемелдеу

Инвестициялық жоба келесі шарттарға сәйкес келуі керек:
  • Жоғары еңбек өнімділігі мен экологиялық талаптарды қамтамасыз ететін заманауи технологиялар мен жабдықтарды қолдану;

  • Өнімнің / қызметтің бәсекеге қабілеттілігі;

  • Экспортқа бағдарлану немесе тауарлар / қызметтер импортын алмастыру;

  • Аймақта ұқсас өнімдердің болмауы;

  • Жобалық компанияның тәжірибесі мен беделі;

  • Жобаны қаржыландыру көздерінің толық болуы.

Индустриялық аймақта келесідей қызмет түріне басымдық беріледі:

  • мұнай мен газды қайта өңдеу;

  • мұнай және газ өндірісіне қажетті машина жасау;

  • мұнай-газ өндірісіне қызмет көрсету;

  • тау-кен металлургия кешені;

  • химия өндірісі;

  • құрылыс материалдары өндірісі;

  • көлік логистикасы;

  • «Ақтөбе» индустриялық аймағында орнласқан кәсіпорындарға арналған қызметтер.

Өтініш берушіні мақұлдау және индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеу: 

  • өтініш беруші ИА басқарушы компаниясына осы ИА қатысушысы ретінде тіркелу туралы өтініш береді;

  • басқарушы компания өтініш беруші жобасының ИА-та орналасуға басымдық берілетін қызметтер тізімінде бар-жоғын, инвестициялық жобаның қажеттілігі үшін сұралған жер учаскесі аумағының негізділігін, Ақтөбе облысының аумағында ұқсас өнімдер өндірісінің болмауын дәлелдейтін тиісті құжаттарды қарастырады;

  • Жоба бойынша ұсыныстар алу үшін мәселені Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің (ӨҮК) қарауына жіберу;

  • ӨҮК оң ұсынысы болған жағдайда жобаны «Ақтөбе» ӘКК »АҚ директорлар кеңесінде бекіту туралы мәселені көтереді;

  • ӘКК ДК оң шешімі болған жағдайда, басқарушы компания ИА аумағында инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы өзара келісімге қол қоюы керек кезеңді көрсете отырып, өтініш берушіге ұсыныс жібереді.

Индустриалық аймақтың қатысушысына қойылатын талаптар және ИА аумағында орналасатын  инвестициялық жобаларды іріктеу шарттары:

  • жеке кәсіпкер, заңды тұлға;

  • бекітілген жобаны іске асыру кестесін орындау (өтініш беруші мен ИА басқарушы компаниясы арасындағы жобаны іске асыру туралы келісімде көрсетілген);

  • жобаның шарттарын бұзу ИА басқарушы компаниясына келісімшарттық міндеттемелерді өтініш берушіге шығындарды қайтармай тоқтату құқығын береді;

  • алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану, жоғары қосылған құн, өнімге деген сұраныс, өнімді қайта өңдеу деңгейі, экспорттық мүмкіндіктер, Қазақстан Республикасы үшін экономикалық, бюджеттік және әлеуметтік тиімділігі;

  • өтінім берушінің инвестициялық жобаның негізгі құралына (CAPEX) бөлген жеке және тартылған инвестициясы көлемі  оған бөлінген 1 га жер үшін кемінде 120 млн. теңгені құрауы керек.

Индустриялық аймаққа қатысу шарттары:  

  • Мемлекет индустриялық аймақтың сыртқы шекарасына және орталық осіне дейін инфрақұрылыммен (теміржол, көлік жолы, газ құбыры, электр желісі, ТОБЖ) қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымға қосылу тегін;

  • Тұтынылатын қызметтерге ақы төлеу – есептеу құралы бойынша;

  • Инфрақұрылымға қызмет көрсету шығыны ИА басқарушы компаниясымен жеке келісім бойынша;

  • Бастапқыда жер учаскесі ИА қатысушысына 49 жылға дейін жалға беріледі;

  • Инвестициялық жобаны іске асыру кестесі көрсетілген инвестициялық келісімшарт жасалады;

  • Нысандарды салу кезеңінде – 4 жылға дейін ИА қатысушысы жердің жалдау ақысын төлемейді, тек жер салығын төлейді;

  • Инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындағаннан кейін (нысанды пайдалануға беру және өндіріс басталуы) ИА қатысушысы жерді сатып алуға немесе оны ұзақ мерзімге жалға алуға құқылы;

  • Жобаны іске асыру кестесі орындалмаған жағдайда жер телімі алынады.

ИА қатысушы-инвесторына арналған ақпарат

ИА қатысушысы  өзінің жер учаскесіндегі (сатып алынған / жалға берілген) коммуникациялық желілерді өз қаражаты есебінен жүргізеді.

Жобаны іске қоспас бұрын (4 жылға дейін):
  • жерді жалға беру – ақысыз;

  • жер салығы – жылына 101 мың KZT / 1 га.

Жобаны іске қосқаннан кейін:

  • Жалға алу бағасы жердің кадастрлық құнының 1/20 формуласымен және тиісті жылға арналған жер салығының мөлшерлемесімен анықталады.

  • Жалға алу бағасы жер учаскесінің кадастрлық құнының 1/20 формуласымен анықталады, қосалқы жалдау шартын жасасу күніне және тиісті жылға белгіленген жер салығының құны – шамамен 965 KZT теңге / жылына /.

  • Жер учаскесін сатып алу құны жер учаскесінің кадастрлық құны бойынша белгіленеді, жер учаскесі туралы келісім жасалған сәтте шамамен 19,3 млн.т / га.

  • Жердің ең аз сатып алу / жалға алу аумағы – 1 га.