«DAHL Sweden Mobile Technology» компаниясының негізін қалаушылардың бірі Сорен Альм индустриялық аймақты аралады, өндіріс орнын ашуға ыңғайлы аумақтың мүмкіндіктерімен танысты. «DAHL Sweden Mobile Technology» компаниясын 2011 жылы екі швед кәсіпкері – Сорен Альм мен Робин Дал құрған. Компания көпшілікке қолжетімді смартфондар мен планшеттер жасап шығарумен айналысады. Енді инвесторлар Қазақстанда «DAHL» швед брендымен мобильді телефондар өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр.