Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ корпоративтік басқарудың тәуелсіз бағалауынан өтті


2025 жылғы тамыз–қыркүйек айларында «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да корпоративтік басқаруға ОЭСР/G20 халықаралық стандарттарына және квазимемлекеттік сектордың үздік тәжірибелеріне сәйкес тәуелсіз бағалау жүргізілді.

Қоғамның корпоративтік басқару бойынша қорытынды рейтингі 65,18% болып, бұл «дамыған тәжірибе» деңгейіне сәйкес келеді. Бөлімдер бойынша:

  • құрылым – 84,2%

  • корпоративтік басқару процестері – 57,9%

  • ашықтық, аудит – 58,5%

Сарапшылар нормативтік базаны нығайту және Директорлар кеңесінің рөлін арттыру, Корпоративтік басқару кодексін енгізу, Директорлар кеңесі жанындағы комитеттерді іске қосу, Тұрақты даму жөніндегі алғашқы есепті дайындау және 2025–2029 жылдарға арналған Даму жоспарын әзірлеу бағыттарында айтарлықтай ілгерілеуді атап өтті.

Сонымен қатар, есепте әрі қарай жетілдіруге арналған бағыттар көрсетілді:

  • Директорлар кеңесі, Басқарма және акционер арасындағы өзара іс-қимылды формализациялау;

  • басқару органдары тиімділігін бағалау тәжірибесін кеңейту;

  • тәуекелдерді басқару және ішкі аудит жүйесін дамыту;

  • тұрақты даму (ESG) қағидаттарын интеграциялауды тереңдету;

  • ақпаратты ашық жариялауды, оның ішінде қаржылық емес есептілікті күшейту.

Нәтижелер «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ның ашықтық, есептілік және жауапкершілік қағидаттарына бейілділігін растайды. Алдағы жылдары Қоғам корпоративтік басқару сапасын арттыру және тәуелсіз бағалау ұсынымдарын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Анықтама: «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ – өңірлік даму институты, акцияларының 100% мемлекетке тиесілі. Компания бизнесті қолдау, инвестиция тарту және Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жобаларды іске асырады.

Тізімге оралу
Читайте так же

image

Бізбен байланысыңыз

Жобаңызды талқылауға және өңірдің тұрақты дамуы үшін практикалық шешімдер ұсынуға дайынбыз

Байланыс

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, call-орталыққа хабарласыңыз

antikor image

1424

Антикордың жедел желісі
logo

8 (7132) 45-91-16

Комплаенс қызметі