«Ақтөбе» ӘКК» АҚ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (ГПХ) жасасу арқылы қар тазалау бойынша маманға (техникасымен) конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысқысы келетіндерден түйіндемені spk.aktobe@mail.ru электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Өтінімдер 2025 жылғы 7 наурыз сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
Жалпы ережелер
Нысанның атауы: «Көкөніс» көкөніс қоймасы
Мекенжайы: Қонаев көш., 1Р
Мақсаты мен міндеттері
Қыс мезгіліндегі қауіп-қатерлерден аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жұмыс көлемі
Аумақтың ауданы: 3 916,1 м²
Қолданылатын жабдық
Қар тазалайтын техника: жүк көтергіштің көтеру қабілеті кемінде 1 тонна болатын тиегіш, сондай-ақ қол құралдары.
Тазалау тәртібі
Қатты қар жауғаннан кейін тазалау жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыстардың орындалу жиілігі
Қар жиналуына қарай тазалау.
Төлем шарттары
Төлем тазалау нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.