Осы арқылы «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (бұдан әрі — Қоғам) Ақтөбе облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және оларды төмендетілген бөлшек сауда бағаларымен сату мақсатында қарыз (заем) беру үшін өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
1) Төмендетілген бөлшек сауда бағалары қолданылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі:
— макарон өнімдері (мүйізше/рожки);
— бидай ұны 1-сорт;
— қарақұмық жармасы;
— жылтыратылған күріш;
— сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі);
— өсімдік майы;
— ас тұзы (экстрадан басқа);
— ақ қауданды қырыққабат;
— картоп;
— басты пияз;
— асханалық сәбіз;
— сүзбе 5–9%;
— сары май 72,5%;
— сүт 2,5% (жұмсақ қаптамада);
— айран 2,5% (жұмсақ қаптамада);
— тауық еті;
— тауық жұмыртқасы.
2) Жеткізу шарттары:
Өнім 2022 жыл бойы Жеткізуші тарапынан Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес партиялармен босатылады. Тауар Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша 1 жұмыс күні ішінде Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы аумағында орналасқан Жеткізушінің қоймасынан беріледі. Құнына тауарды тиеу шығындары енгізілген.
3) Өтінім қабылдаудың аяқталу мерзімі:
2022 жылғы 09 маусым, сағат 18:00-ге дейін.
Қарыз шарттары:
-
Қарыз мерзімі – 1 жылға дейін;
-
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,1%;
-
Қарыз мақсаты – айналым қаражатын толықтыру.
Сатып алуға қатысу үшін әлеуетті жеткізушіге қойылатын талаптар:
-
қажет болған жағдайда кәсіпкерлік субъектілерінде өндірістік (ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін) немесе сауда-логистикалық (сауда субъектілері үшін) инфрақұрылымның болуы (қойма құрылыстары, арнайы жабдықталған үй-жайлар және т.б.), азық-түлік тауарларын өндіруге немесе тиісті түрде сақтауға, сатып алу және өзге де операцияларды жүргізуге арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі;
-
банк өнімдері бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы (кредиттер, лизингтер, есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету бойынша берешек);
-
мемлекеттік сатып алулар бойынша жосықсыз жеткізушілер тізілімінде тұрмауы және мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған және/немесе уақтылы орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
-
салық берешегінің болмауы;
-
қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы (кепіл және/немесе банк кепілдігі);
-
бұрын берілген қарыздар бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
-
банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпау;
-
қосымша ақпарат қажет болған жағдайда Қоғам өзге құжаттарды сұратуға құқылы.
Әлеуетті қарыз алушы қарыз алуға өтінімді және құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кешіктірмей келесі электрондық поштаға жолдайды: spk.aktobe@mail.ru, немесе қолма-қол мына мекенжайға тапсырады: Ақтөбе қ., Маресьев к-сі, 103 «А».
Байланыс телефоны: +7 (7132) 74-21-05 (ішкі 206).
Қорытындылар «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның сайтында орналастырылады.