АО «СПК «Актобе» бизнес-процестер жүйесін/құрылымын жобалау бойынша маманға конкурс жариялайды (команданы оқытумен базалық кезең)
1. Орындаушыға қойылатын талаптар
1.1. Жұмыс тәжірибесі:
-
Бизнес-процестерді модельдеу, талдау және оңтайландыру тәжірибесі — кемінде 5 жыл;
-
Регламенттерді, әдіснамалық және пайдаланушы құжаттамасын әзірлеу тәжірибесі;
-
Автоматтандыру және цифрландыру мақсаттары үшін процестерді модельдеу тәжірибесі.
1.2. Білімі және құзыреттері:
-
Жоғары білім (экономикалық, техникалық, IT, басқару);
-
Аналитикалық ойлау, жүйелік тәсіл, іскерлік коммуникация дағдылары;
-
BPMN 2.0 нотациясын және бизнес-процестерді модельдеу қағидаларын білу;
-
Модельдеу деңгейлерін түсіну (келісу, талдамалық, орындалатын);
-
BPMN мен басқа нотациялар (IDEF0, EPC, UML) арасындағы айырмашылықтарды білу;
-
Үдерістік тәсілді (BPM) білу;
-
Модельдеу құралдарын меңгеру (Bizagi, ARIS, Camunda Modeler, MS Visio немесе баламалары);
-
BPM-жүйелерінің жұмыс қағидаларын түсіну.
Төмендегі сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады:
-
BPMN 2.0 / BPM бойынша сертификаттар;
-
PMI немесе IPMA сертификаты;
-
MBA дәрежесі.
2. Мақсаттар мен міндеттер
2.1. Мақсаттар:
-
Қоғамда қызметтің тиімділігін, ашықтығын және басқарылуын арттыруға бағытталған бизнес-процестер жүйесін құру.
-
Қоғамда үдерістік тәсілді және цифрландыруды ұзақ мерзімді енгізу үшін жоспар қалыптастыру.
-
Қоғамды одан әрі дамыту үшін негізгі қызметкерлерді үдерістік басқару және процестерді модельдеу негіздеріне оқыту.
2.2. Міндеттер:
-
Қоғамның негізгі процестерінің ағымдағы жағдайын талдау, оның ішінде проблемалық аймақтарды анықтау.
-
BPMN 2.0 нотациясында негізгі функцияларды сипаттай отырып, процестердің базалық моделін әзірлеу.
-
Оңтайландыру және цифрландыру үшін басым процестерді айқындау.
-
Қоғам қызметкерлерін үдерістік басқару негіздеріне оқыту.
-
Процестер құрылымын әрі қарай дамыту және автоматтандыру бойынша ұсынымдар дайындау.
3. Шарттар:
3.1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасу.
4. Орындау мерзімі: 60 жұмыс күні.
5. Күтілетін нәтижелер
5.1. Компания процестерінің базалық архитектурасы:
-
BPMN нотациясында 20 негізгі процесті сипаттау;
-
Сипатталған процестер бойынша регламенттер мен стандарттар.
Оқытылған команда:
-
Қоғам қызметкерлері үдерістік басқару негіздерін түсінеді және қолданады, әрі процестерді одан әрі сипаттау мен оңтайландыруға қатыса алады.
Дамыту бойынша ұсынымдар:
-
Процестерді әрі қарай оңтайландыру және автоматтандыру бойынша іс-қимыл жоспары;
-
Цифрландыру үшін айқындалған басымдықтар.
Жедел әсер:
-
Үдерістік тәсілдің құндылығын көрсету үшін 20 процесті оңтайландыру.
6. Қосымша шарттар:
-
Барлық нәтижелер электрондық түрде ұсынылады (форматтары: bpmn, pdf, docx).
-
Барлық жұмыс нәтижелеріне меншік құқығы Тапсырыс берушіге беріледі.
Өтінімдер 2026 жылғы 08 қаңтарға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Түйіндемелер мен коммерциялық ұсыныстарды корпоративтік поштаға жіберу қажет:
hr@spk-aktobe.kz