«ARMAN QALA» әлеуметтік жобасы

«ARMAN QALA» әлеуметтік жобасы

 

«ARMAN QALA» – көше саудасы павильондары желісін дамыту жөніндегі әлеуметтік жоба. Жоба “Ақтөбе” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен қалалық әкімдікпен бірге шағын және орта бизнесті қолдау, отандық өндірісті дамыту, қолайлы экономикалық орта қалыптастыру үшін жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында жүзеге асырылып жатыр. 

Осы жобаның арқасында жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдері: ет, сүт, көкөніс пен жемісті делдалсыз сата алады. Тұрғындар жер учаскесін төмен бағамен жалға алу мүмкіндігіне ие. 

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ның “ARMAN QALA” әлеуметтік жобасы аясында жер учаскелерін беру ережелері

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі   

1) өтініш-сауалнама;

2) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) өтініш берген сәтте салықтық берешектің жоқтығын растайтын анықтама;

4) бизнес-жоспар;

5) ықтимал қатысушыларға белгіленген кепілдемелік жарнаны төлегенін растайтын түбіртек. Кепіл жарнасының мөлшері 50 АЕК  

Кепіл жарнаны төлеуге арналған реквизиттер  

БСН: 101 140 008 468
ЖСК: KZ19998МТВ0000418104
Бенефициар банкі:   «Ақтөбе» ӘКК» АҚ
БСК: TSESKZKA
Кбе: 16
Банк:  «First Heartland Jysan Bank» (Цесна) филиалы, Ақтөбе қаласы