Мемлекеттік бағдарламалар

 

«Бизнестің жол картасы-2025» 

 “Бизнестің жол картасы-2025” бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты: Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңдей өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру.

 

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы  (БҰҰДБ)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) кедейлікті жоюға, теңсіздікті және әлеуметтік оқшаулауды қысқартуға көмек көрсете отырып, Қазақстанды қоса алғанда, 170-ке жуық ел мен аумақта жұмыс істейді.

 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы  

Өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау.  

Бағдарлама міндеттері:

Азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіптік тауарлардың жергілікті өндірісін дамыту;

импорттық әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын жергілікті өнімдермен алмастыру;  

өнімнің басым түрлерін шығаратын отандық тауар өндірушілерге қаржылық қолдау көрсету. 

 

 

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы

Мақсаты: Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

1) жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады;

2) жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20 %-дан аспайды;

3) өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың үлесі 10,2 %-дан аспайды;

4) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды.