Италия мен Бразилияның біріккен компаниялар тобы Ақтөбе облысында фармацевтика өндірісін бастауға қызығушылық танытып отыр. Бұл мәселе «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіперлік корпорациясының басқарма төрағасы Ермек Имантаев пен шетелдік компания өкілі Никола Крепальдидің онлайн-кездесуі кезінде талқыланды. Апеннин түбегінің инвесторлары сондай-ақ, біздің облыс аумағында ірі көтерме-тарату орталығын салуды көздеп отыр. Ал, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының көмегімен халық тұтынатын тауарлар шығару мүмкіндігін қарастырып жатыр. ![](http://spk-aktobe.kz/wp-content/uploads/2020/04/118db963-4995-4d8b-870e-0cabb33211c8.jpg)
Кездесу барысында Италия инвесторларының отандық футболдың дамуына үлес қосу жайы да сөз болды.