«Ақтөбе» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және оларды Ақтөбе облысы аумағында төмендетілген тіркелген бөлшек бағамен сату мақсатында қарыз беру үшін өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.
Қарыз беру шарттары:
– Қарыз мерзімі – 1 жыл;
– Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,1%;
– Қарыз мақсаты – Өнімнің төмендетілген сату бағасын белгілеу және оларды Ақтөбе облысы аумағында тіркелген бөлшек бағамен сату мақсатында айналым қаражатын толықтыру (апта сайын өнім жеткізілуі тиіс).
Назар аударыңыз!
Тиісті тауар бойынша ресми бөлшек сауда бағасының 90%-нан жоғары баға ұсынуға жол берілмейді. Қатысушы Ақтөбе облысы бойынша биылғы статистикалық мәліметтермен салыстырғанда кемінде 10%-ға бағаны төмендетуге міндетті.
Тіркелген төмендетілген бөлшек бағаларды белгілеуге жататын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі:
– Сүт өнімдері – пастерленген сүт (майлылығы 2,5%, 1 л, фин/қаптама), айран (майлылығы 2,5%, 1000 г, фин/қаптама), сүзбе (майлылығы 9%, 200 г, қаптама), сары май (майлылығы 72,5%, салм. түрде);
– Сиыр еті (жауырын-төстік бөлігі)
Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын негізгі талаптар:
1) Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі;
2) Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болмауы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);
3) Екінші деңгейдегі банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
4) Тамақ өнімдерін тиісті сақтау және сатып алу, дайындау, тарату операцияларын жүзеге асыру үшін арнайы жабдықталған қойма орындары бар инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешенінің меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеуінсіз пайдалану/сенімгерлік басқару) болуы;
5) Мемлекеттік сатып алулардың адал емес қатысушыларының тізілімінде болмауы;
6) Арнайы ұйым алдында, сондай-ақ сот актілері бойынша орындаусыз міндеттемелері мен мүлкіне қатысты шектеулер мен ауыртпалықтары болмауы;
7) Міндеттемелерді орындау бойынша қамтамасыз етудің болуы. Кәсіпкерлік субъектісі арнайы ұйым алдындағы қарызды қайтару міндеттемесін қамтамасыз ету ретінде кепіл, банк кепілдігі, сақтандыру шарты немесе үшінші тұлғалардың кепілдігін ұсынады. Міндеттемелерді қамтамасыз ету заңнамаға сәйкес жазбаша түрде рәсімделеді.
Өтінімдер қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 4 тамызынан – 21 тамызға дейін (14 жұмыс күні).
Қатысуға ниетті әлеуетті жеткізушілер өтінімді (еркін түрде), коммерциялық ұсынысты және құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кешіктірмей келесі электрондық поштаға жібереді: info@spk-aktobe.kz, немесе қолма-қол мына мекенжайға: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 103 «А».
Қосымша ақпарат пен байланыс үшін: +7 701 128 8634