«HALYQ SAYDA» шағын көтерме сауда дүкендері желісінің Прохоров көшесі, 12 үй мекенжайындағы сауда нүктесінде ет өнімдерін сататын бөлім ашылды. Ет өнімдері тек жергілікті мал шаруашылықтарынан сатып алынады және Ақтөбе қаласы бойынша ең төмен бағамен сатылады. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары енді азық-түлік пен шаруашылық тауарларымен бірге бұл дүкеннен 1 келісі 1700-2200 теңгенің еті мен тартылған ет сатып ала алады.
Болашақта мұндай ет бөлімін «HALYQ SAYDA» орталығының барлық дүкендерінде ашу жоспарланған. Әзірге Зауыт көшесі, 43 үй және 11 ықшам аудандағы «Нектар» сауда үйінде орналасқан «HALYQ SAYDA» дүкенінде жұмыс істеп тұр. Жақын күндері Әйтеке би көшесі, 31 үй (бұрынғы «Пионер» сауда үйі) мекен-жайында орналасқан дүкенде осындай арзан ет сататын бөлім ашылады. Қазір қажет қондырғылар сатып алынып жатыр, дейді дүкендер желісінің өкілі Аспандия Есенжолов. Бүгін сондай-ақ, «HALYQ SAYDA» тауар белгісімен шығарылатын ет өнімдерінің дегустациясы өтті. Дүкенге келген жұрт манты, котлет, тұшпараның дәмін татты.