Корпоративтік хатшы – директорлар кеңесі тағайындайтын және оған есеп беретін қызметкер. Ол акционерлердің жалпы жиналысын және директорлар кеңесінің отырыстарын ұйымдастыруға көмектеседі, күн тәртібі бойынша материалдарды қалыптастырады, шешімдердің орындалуын бақылайды, корпоративтік құжаттарды архивтейді және корпоративтік басқарудың жетілдірілуіне қатысады.
Корпоративтік хатшының негізгі міндеттері:
- директорлар кеңесі мен жалғыз акционер тарапынан корпоративтік шешімдердің уақытылы әрі сапалы қабылдануына жәрдемдесу;
- директорлар кеңесі мүшелеріне корпоративтік басқару және ҚР заңнамасы бойынша кеңесші болу;
- қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау;
- корпоративтік шешімдер мен құжаттарды архивтеу;
- акционерлермен жалпы жиналыс өткізу мәселелері бойынша өзара әрекеттесу;
- Кодекс қағидаларының орындалуына мониторинг жүргізу.
2024 жылғы 1 наурыздағы директорлар кеңесінің шешімімен корпоративтік хатшы қызметіне Нуртаева Сауле Саматовна тағайындалды.
Байланыс ақпараты: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 103а
Телефон: 8 7132 972490
Электрондық пошта: s.nurtayeva@spk-aktobe.kz