«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сіздерге серіктестіктің жаңа форматын ұсынады. Біз инвестициялық жобаларды сүйелмелдеу бойынша консалтингтік қызметтер көрсетеміз. Кәсіби бухгалтерлік және заңгерлік қызмет көрсету саласындағы білікті мамандардың қызметіне жүгініңіз.
Әр клиенттің мәселесін шешудің түрлі нұсқасын ұсынамыз. Бізде бизнестің түрі мен қажеттілігіне қарай жұмыстың бірнеше схемасы бар. Бұл толық бухгалтерлік қызмет немесе есепшінің бір реттік қызметі болуы мүмкін. Мысалы, нөлдік есептілікті тапсыру, салықтық декларацияны толтыру және тапсыру, «1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс, электронды шот-фактураны рәсімдеу, есеп дайындау немесе т.б. Бұдан бөлек, біздің мамандар сізге компанияның кадрлық құжаттары мен жалпы құжат айналымын (еңбек келісім-шарты мен штаттық кестені дайындау, қызметтік нұсқамаларды әзірлеу, т.б.) жүргізуге көмектеседі. Сұрақтар бойынша + 7 (7132) 74 20 95 телефон нөміріне хабарласыңыз.