«Гигант KZ» ЖШС –ескі көлік шиналарыннеміс технологиясы бойынша қалпына келтіру зауыты. Инвестиция көлемі – 800 млн теңге. Жылдық қуаты – 13 мың көлік шинасы. Өңделген шинаның құны жаңасынан 30-50 пайыз арзан болады. Кәсіпорын автобус, комбайн мен басқа да ірі габаритті көлікке жаңа шина жасаумен де айналыспақ. Тәулігіне 70 көлік дөңгелегін өңдеу жоспарланып отыр. Зауыттың жалпы аумағы – 2 га.