• RU
  • EN
  • KZ
Бізбен байланысу

Омбудсмен

Омбудсмен – Қоғамның директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға. Оның рөлі Қоғам қызметкерлерінің өтініштері бойынша кеңес беру, еңбек даулары мен әлеуметтік-еңбек сипатындағы дауларды, қақтығыстарды шешуге жәрдемдесу, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаларын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

АО «СПК «Ақтөбе» (бұдан әрі – Қоғам) қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету және іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтау мақсатында Қоғамда омбудсмен лауазымы енгізілді. 2024 жылғы 25 шілдедегі директорлар кеңесінің шешімімен бұл лауазымға Қойлыбаев Қайрат Әлібиевич тағайындалды.

Омбудсменнің рөлі – оған жүгінген қызметкерлерге, еңбек даулары мен қақтығыстарға қатысушыларға кеңес беру және Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын (құпиялылықты қоса алғанда) сақтай отырып, өзара қолайлы, конструктивті және іске асырылатын шешім әзірлеуге жәрдемдесу, қызметкерлердің де, Қоғам мен ұйымдардың да әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге қолдау көрсету.

Қоғамның іскерлік этика кодексін бұзу, корпоративтік даулар мен жанжалдар, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың және басқа да қызметкерлердің құқыққа қайшы әрекеттері фактілері бойынша сіз келесі телефон нөміріне хабарласа аласыз: +7 701 111 1060

Сонымен қатар, омбудсменге өтініштерді қағаз түрінде де мына мекенжайға жолдауға болады: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 103а, конвертте (пакетте) «АО «СПК «Ақтөбе» омбудсменіне» деген белгімен.