Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) –бұл өз қызметін өндірістен және тауарлар мен қызмет сатудан пайда табу мақсатында ұйымдастыратын тұрлаулы бизнес-құрылымдар. ӘКК-тің коммерциялық корпорациялардан басты айырмашылығы, олар алынған пайданы өздері мүддесін көздеп құрылған сол өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық немесе мәдени мақсаттары үшін қайтадан жұмсайды (ҚР Президентінің халыққа жолдауынан, наурыз 2006 жыл).
«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 2010 жылы ақпанда «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қайта құрылуы нәтижесінде пайда болды. “Ақтөбе” ӘКК 100% акционері – Ақтөбе облысының әкімдігі.
Мемлекеттік меншік активтерін ӘКК-ға берудегі басты мақсат – оларды инвестиция тарту жән жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған коммерциялық қызметте тиімді пайдалану.
“Ақтөбе” ӘКК стратегиялық бағыттары:
- Инвестиция тарту
- Кәсіпкерлікті қолдау
- Бизнес-жобаларды сүйемелдеу
- Тұрақтандыру қорын басқару
- Коммуналдық базарларды басқару
БІЗДІҢ МИССИЯ – мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарының негізінде Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.
БІЗДІҢ МАҚСАТ – бизнес-бастамаларды қолдау және инвестиция тарту арқылы өңірдің “өсу нүктелерінде” экономикалық белсенділікті ынталандыру.
БІЗДІҢ МҮМКІНДІКТЕР – ресурстармен қамтамасыз ету (жер учаскелері, нысандар), кәсіпкерлікті қолдау және дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу.