Даму институттары

 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ

 «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (әрі қарай – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ,  «Бәйтерек» холдингі, Холдинг) – Корпоративті басқарудың алдыңғы қатарлы стандарттарына жауап беретін және оны әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту және еңбек өнімділігін арттыру жолымен Қазақстан экономикасының орнықты дамуы бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты.  

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі.

«Бәйтерек» холдингі  – 11 еншілес ұйым біріктірілген даму институты, оның құрамына Холдингтің 100 пайыз үлесі бар 10 акционерлік қоғам («Қазақстан Даму банкі» АҚ, «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ,  «Байтерек девелопмент» АҚ, «ФРП «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «QazTechVentures» АҚ,  «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ,  «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Kazakh Export» АҚ, «Қазына капитал менеджмент» АҚ,  «Кепілдендірілген тұрғын үй құрылысы қоры» АҚ)  және 97 пайыз үлесі бар бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ( «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС), үшінші деңгейлі 4т ұйым:  «БРК-Лизинг» АҚ,  «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ, «Baiterek Venture Fund» АҚ және «BV Management» ЖШС кіреді.

(толық ақпарат мына сілтемеде https://www.baiterek.gov.kz/)

 

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ

Қазақстанның Даму Банкі – экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған қаржы институты.  «Қазақстанның Даму банкі» АҚ 2000 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жарлығымен құрылған.  Банк негізінен стратегиялық инвестициялық жобаларды несиелендіруге бағытталған.    

(толық ақпарат мына сілтемеде https://kdb.kz/)  

 

«ҚДБ-Лизинг» АҚ 

Мамандандырылған бөлімшелер мен еншілес ұйымдарға негізгі қызметке ілеспе немесе оған байланысты бағыттарды бөлу арқылы салалық немесе географиялық тұрғыдағы қызметті әлдеқайда терең мамандандырудан пайда алу мақсатында 2015 жылы Даму Банкінің 100% қатысуымен «ҚДБ-Лизинг» АҚ еншілес лизингтік компаниясы құрылды. «ҚДБ-Лизинг» АҚ қызметі өңдеу өнеркәсібіндегі, өндірістік және көліктік инфрақұрылымдағы инвестициялық жобаларға лизингтік қаржыландыру ұсынуға бағытталған.

(толық ақпарат мына сілтемеде https://www.kdbl.kz./)

 

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

«Даму» қоры – «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасының аясында қаржылық қолдаудың іске асырылуын және мониторингін (кәсіпкерлердің несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және банктердің алдында кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру) жүзеге асыратын қаржылық агент. 

(толық ақпарат мына сілтемеде https://www.damu.kz/)  

 

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ( әрі қарай – Холдинг)  Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес құрылған. Холдинг АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын ЕАҚ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды және корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының АӨК дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатымен құрылған.

(толық ақпарат мына сілтемеде https://www.kazagro.kz/)

 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ   2001 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған. Корпорацияның миссиясы жеке қаржы институттарын тарту және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің құзыреттерін арттыру арқылы қол жетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына ықпал ету.

(толық ақпарат мына сілтемеде https://www.agrocredit.kz/)

 

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы 

“Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы  – коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған.  Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.

(толық ақпарат мына сілтемеде https://atameken.kz/)

 «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ 

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы » АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына сәйкес экономиканың басым секторларына шетел инвестицияларын тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында құрылды.

(толық ақпарат мына сілтемеде https://invest.gov.kz/)

«Астана» халықаралық қаржы орталығы   

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) — әлемнің экономикалық картасында Нью-Йорк пен Лондоннан Дубайға, Гонконг пен Сингапурға дейінгі озық қаржы орталықтарының үздік тәжірибесі мен қазіргі заманғы мүмкіндіктерін біріктіретін бірегей орталық.

Бағыттары:

  • Капитал нарығы (акцияларды бастапқы және қайталама орналастыру, тәуелсіз акциялар, өңірлік және корпоративтік облигацияларды, тәуелсіз және корпоративтік еурооблигацияларды, депозитарлық қолхаттарды, инвестициялық пайларды, биржалық қорлар мен ноталарды, сондай-ақ исламдық қаржыландыру құралдарын сату);
  • Ислам қаржылары (АХҚО алаңында исламдық қаржылық қызмет көрсету индустриясы исламдық банктердің, активтерді басқару жөніндегі компаниялардың, инвестициялық қорлардың, такафул және ретакафул компаниялардың, басқа да исламдық қаржы ұйымдарының, сондай-ақ жетекші халықаралық исламдық қаржы институттарының қатысушыларын қамтиды);
  • Жасыл қаржы (экологиялық таза, энергиялық тиімді және төмен көміртекті жобаларды жүзеге асыруға бағытталған инвестиция мен өзге де қаржы құралдары. Жасыл қаржыландырудың негізгі құралдары – жасыл облигациялар, жеңілдетілген несиелендіру, жасыл жобаларға субсидиялар және т.б. Аталған қаржы құралдары жасыл жобаларды дамытуға мүмкіндік береді, бұл қалыпты қаржы жағдайларында ол мүмкін емес еді);
  • Активтерді басқару;
  • Жеке тұлғалардың дәулетін басқару (инвестициялық және портфельдік консалтинг, салықтарды және капитал салымдарын жоспарлау, активтерді орналастыру);
  • Қаржы технологиялары (дәстүрлі қаржы қызметтерінің  құнын төмендетуге, әлемдік нарықтармен интеграцияны жеңілдетуге және жергілікті қаржы нарығының дамуын жеделдетуге ықпал етеді).

(толық ақпарат мына сілтемеде https://aifc.kz/)

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы — жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын Қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Ол — Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету міндеті жүктелген инвестициялық холдинг. 

(толық ақпарат мына сілтемеде  https://sk.kz/)

 

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС 2007 жылғы 20 шілдеде құрылғаннан бері дамудың бірнеше сатыларынан өтті. Бастапқыда Компанияны құру мақсаты «Самұрық-Қазына» АҚ-ның инвестициялық қызметін сараптамалық қолдау болды. Қор қажет болған жағдайда және Қордың атынан бірлескен кәсіпорындардың капиталына қатысу арқылы инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен Қазақстан Республикасына инвестицияларды ынталандыру миссиясы бар. 

 (толық ақпарат мына сілтемеде http://www.skinvest.kz/)

 «Самұрық Қазына Контракт» ЖШС 

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-і  2009 жылы маусым айында «Телеком-Инвест Самрук» ЖШС-ін қайта тіркеу арқылы    құрылған. Серіктестік қордың сатып алу саласындағы саясатын іске асыруға жәрдем ету, холдинг компанияларының сатып алуына мониторинг жүргізу және талдау, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту мониторингі жүргізуді жүзеге асырады. 

 (толық ақпарат мына сілтемеде https://www.skc.kz/)

 

 ««Taỳ-Ken Samuryq» Ұлттық тау-кен компаниясы»АҚ

“Тау-Кен Самұрық” Ұлттық компаниясы  2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған.  Компания алтын, мыс, мырыш, қорғасын кен орындарын игеруге бағытталған. Миссиясы – стратегиялық инвесторлармен бірлесіп жобаларды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық саласының жекелеген секторларын дамытуға үлес қосу. 

   (толық ақпарат мына сілтемеде http://tks.kz/)

«KazakhExport» АҚ

 “KazakhExport” Акционерлік қоғамы 2003 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен құрылды. Компания шикізаттық емес сектордағы экспорттаушы-кәсіпорындардың сыртқы экономикалық келісім-шарттарын жүзеге асыруды сүйемелдейтін коммерциялық және саяси тәуекелдерді сақтандыру бойынша қызметтер түрін көрсетеді.

(толық ақпарат мына сілтемеде  https://kazakhexport.kz/)

 

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ – ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету үшін құрылған private equity қорлар қоры. Компания қызметі Қазақстанда private equity инфрақұрылымын қалыптастыруға, экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға, жетекші халықаралық тәжірибені пайдалануға және private equity-де Инновациялық білім мен технологиялар трансфертіне бағытталған.

(толық ақпарат мына сілтемеде  https://kcm-kazyna.kz/kz)

 

«Baiterek Venture Fund» АҚ 

«Baiterek Venture Fund» акционерлік қоғамы 2014 жылы құрылған. Қор бизнес-жоспарларды және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу сатысында жобаларды іздену мен қаржыландыруды жүзеге асырады. 

(толық ақпарат мына сілтемеде  http://bvfund.kz/)

«Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС

«Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС-і 2014 жылы құрылған. Қордың миссиясы сапаны жобалау құжаттамасын қажет ететін инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іздеу; әлеуетті инвесторлар мен кредиттік мекемелердің талаптарына сәйкес осындай жобалар үшін жобалау құжаттамасын әзірлеу; қайтарымдылық шартымен жобалау құжаттамасын әзірлеуді өз бетінше қаржыландыру; жобалар үшін қаржылық шешімдер іздеу, соның ішінде жергілікті және халықаралық институттардың, мекемелердің және қорлардың арасынан үлескерлік және борышқорлық қаржыландыруды тарту. 

(толық ақпарат мына сілтемеде https://kppf.kz/)

 

“QazІndustry” Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы” АҚ

“QazIndustry” технологиялық шешімдер мен жаңа өндіріс желілерінен бастап, сертификаттауға, экспортқа және сандық технологияларды енгізуге дейінгі барлық кезеңдерде өнеркәсіптік кәсіпорындарға жәрдем көрсететін бірыңғай үйлестіруші болып табылады.

(толық ақпарат мына сілтемеде https://qazindustry.gov.kz/)