«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (әрі қарай – Қоғам) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және оларды төмендетілген бөлшек сауда бағалары бойынша Ақтөбе облысы аумағында сатуға, 0,1 пайызбен айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз алуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
Төмендетілген бөлшек сауда бағаларына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі:
– макарон (мүйіз);
– бидай ұны 1/с;
– қарақұмық жармасы;
– жылтыратылған күріш;
– сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі);
– өсімдік майы;
– ас тұзы (экстрадан басқа);
– ақ қауданды қырыққабат;
– картоп;
– басты пияз;
– асханалық сәбіз;
– сүзбе 5-9%;
– сары май 72,5%;
– сүт 2,5% (жұмсақ қаптамада);
– айран 2,5% ф. (жұмсақ қаптамада);
– тауық еті;
– 1-санатты тауық жұмыртқасы.
2) Жеткізу мерзімі: Өнімді 2022 жыл ішінде Тапсырыс берушінің өтініші бойынша, Өнім берушінің Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында орналасқан қоймасынан 1 жұмыс күні ішінде партиялармен шығарады. Бағаға тауарларды тиеу және жеткізу кіреді;
3) Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2022 жылдың 09 маусым, сағат 18.00-ге дейін.
Қарыз шарттары:
– Қарыз мерзімі – 1 жылға дейін;
– Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,1%;
– Қарыздың мақсаты – айналым қаражатын толықтыру.
Сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші келесі талаптарға сай болуы керек:
- азық-түлік өнімдерін өндіруге немесе талапқа сай сақтауға, сатып алуды жүзеге асыруға және қажет болған жағдайда өндірістік (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін) немесе сауда-логистикалық (сауда субъектілері үшін) инфрақұрылымының болуы (қоймалар, арнайы жабдықтары бар үй-жайлар және т.б.). әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны шектеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін азық-түлік тауарларымен басқа да операцияларды жүргізу;
- банк өнімдері (несие, лизинг, ағымдағы шоттарға қызмет көрсету бойынша берешек) бойынша мерзімі өткен берешектердің болмауы;
- мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз өнім берушілердің тізіліміне енгізілмеуі және мамандандырылған ұйымның алдында орындалмаған және (немесе) уақтылы орындалмаған міндеттемелері болмауы;
- салық берешегінің болмауы;
- қарыз бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің болуы (кепіл және/немесе банктік кепілдендіру);
- бұрын берілген несиелер бойынша мерзімі өткен берешектердің болмауы;
- банкротқа немесе таратылуға жатпайды;
Қоғам қосымша ақпарат алу қажет болған кезде өзге де құжаттарды сұратуға құқылы.
Әлеуетті қарыз алушы жобаға қатысуға өтінімді және құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кешіктірмей spk.aktobe@mail.ru электрондық пошта мекенжайына немесе Ақтөбе қ., көш. Маресьев 103 «А», байланыс телефоны: +7 (7132) 74-21-05, (ішкі 206).
Нәтижесі «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ сайтында орналастырылады.