Қыркүйектің 20-сы күні қаламызға құрамында “Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының “Бизнеске арналған үкімет” КММ директоры Батыржан Аймағамбетов, оның орынбасары, инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша фронт-офис басшысы Анатолий Ли және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Жандос Шаханов бар шағын делегация келді.
Көрші облыстан келген қонақтардың мақсаты – «Ақтөбе» индустриалды аймағының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу екен. Аймақта жүзеге асырылған жобалар мен болашақ жоспарлар меймандар тарапынан қызығушылық туғызды. «Ақтөбе» ӘКК» ғимаратында жалғасын тапқан кездесуде қызылордалықтар өздері атқарып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Достық рәуіште өткен кездесу тәжірибе алмасу сипатында болды.