Бұдан бұрын хабарланғанындай, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы бірлесе отырып, кәсіпкерлермен кездесу өткізген болатын. Оның барысында кәсіпкерлік субъектілеріне «Ақтөбе» ӘКК» АҚ жұмысындағы жемқорлық қауіп-қатерлерді сыртқы талдау нәтижелері хабарланған еді.
Жиында айтылған мәселелер мен ұсыныстар кейін Қоғам ұжымының да талқысына түсті. Олардың орындалуына жауапты қызметкерлер арнайы бас қосып, әр тармаққа жеке тоқталды. Олар негізінен бюджет қаржысының жұмсалуы, заңдардың орындалуы мен Қоғам жұмысының ашықтығына қатысты мәселелер қатарына жатады.
Атап айтқанда, ӘКК қауіпсіздік қызметінің бастығы, әрі комплаенс-офицер қызметін қоса атқаратын Мереке Байдрахманов жиналғандарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыртқы талдау мәліметтерімен тереңірек таныстырып өтті.
Отырыс кезінде ұсыныстардың 58% жүзеге асқаны, қалған 42% орындалу кезеңінде екені айтылды.Қорытындысында әр тармақтың орындалу уақыты белгіленіп, жауапты тұлғалар тағайындалды.