«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде «Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен «Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын «Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастыруды хабардар етеді.
Кәсіпорын қызметінің мәні техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады, олардың мазмұны мамандықтар бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен регламенттеледі.
“Ақтөбе облысының білім басқармасы” ММ әлеуетті серіктестерді тарту мақсатында Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру бойынша балама ұсыныстарды ұсынуға сұрау салуларға қызығушылық білдіреді.
Ұсыныстар мына мекен-жай бойынша қабылданады: “Ақтөбе облысының білім басқармасы” ММ, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы,40, каб. 539, т.981117. e-mail: a.almatova@aktobe.gov.kz.