Өңірлік ынтымақтастықты дамыту шеңберінде,
24-25 қарашада кәсіпкерлер делегациясының сапары өтті
Италиядан Ақтөбеге облыстың инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнату мақсатында.
Жұмыс сапары барысында делегация “Ақтөбе” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барды. “Ақтөбе “ӘКК” АҚ Басқарма төрағасы
Т. Т. Тілешов қонақтарды Корпорация жұмысымен таныстырды. Кездесу барысында Ақтөбе облысының аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық мүмкіндіктер мен жобалар таныстырылды. “Ақтөбе “ӘКК” АҚ Басқарма төрағасы қонақтарды Қазақстандағы инвесторлар жұмысының тиімді шарттары және бизнесті дамыту үшін ұсынылатын преференциялар туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша “Ақтөбе “ӘКК” АҚ мен International Trade Company srl арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, онда тараптар екі ел аумағында бірлескен іс-шаралар өткізу, инвестициялық салада тәжірибе алмасу және өзара тиімді қатынастарды одан әрі дамыту туралы келісті.
“Ақтөбе” ӘКК ” АҚ сапарынан кейін Италиядан келген делегаттар әкімдікке қала әкімі А.Б. Шахаровтың ресми қабылдауына барды. Кездесуді ашқан қала басшысы қонақтарды қаланың әлеуетімен таныстырды, сондай-ақ Ақтөбенің жаңа Жібек жолының бір бөлігі болып табылатын “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” трансқұрлықтық автомагистралінің бойымен өтетін маңызды көлік жолдарының қиылысында тиімді орналасқандығын ерекше атап өтті. Өз кезегінде делегация басшысы Никола Крепальди қала басшылығына қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді итальяндық компаниялардың мүмкіндіктерімен таныстырды. Тараптар бірлескен жұмыс мәселелері бойынша пікір алмасты.
2021 жылдың 8 айында Ақтөбе облысы мен Италия Республикасы арасындағы тауар айналымы 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,6%-ға өсіп, $104,7 млн. құрады.
25 қарашада “Көктөбе” қонақ үйінің мәжіліс залында Италиядан келген делегаттар жергілікті тауар өндірушілермен, құрылыс компанияларының басшыларымен, fashion индустрия өкілдерімен кездесті. Жиналыс инвестициялық ынтымақтастық пен сауда мәселелерінің кең спектріне, сондай-ақ қазақ-итальян экономикалық ынтымақтастығының перспективаларын егжей-тегжейлі талқылауға арналды. Ресми бөлімнен кейін делегаттар барлық мүдделі кәсіпкерлермен В2В кездесулер өткізді.
B2B форматындағы келіссөздер аяқталғаннан кейін қонақтар бірқатар коммерциялық кәсіпорындар мен индустриялық аймаққа барды.
La Loggia компаниясының өкілдері “Бриг”дистрибьюторлық компаниясына барды. Тараптар Ақтөбе қаласына италиялық шараптарды жеткізу түріндегі өзара ынтымақтастықты талқылады.
Pegaso және Essequattro компанияларының басшылары “Aqtobe Mall” СОО қызметімен танысты. СОО-да итальяндық киім және жиһаз бутиктерін орналастыру мүмкіндігі талқыланды.
Одан әрі қонақтар “Сұңкей” авторлық сән үйіне барып, делегаттарға қазақтың ұлттық киімдерінің тұсауы кесілді. Итальяндықтар қазақ мәдениетінің сұлулығы мен ерекшелігін атап өтіп, осы желіде пайда болатын жаңа брендтер туралы айтты.
Іскерлік сапардың соңында итальяндық бизнес-миссияның өкілдері “Ақтөбе” индустриялық аймағына барып, “Зерде Керамика” қыш өнімдерін өндіру зауытында және “FIBC” биг-бэгтер өндіру кәсіпорнында болды.
Индустриялық аймақта басшылықпен және оның резиденттерімен кездесу өтті, оның барысында ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Итальяндық компаниялардың жаңа өндірістерді ашуға жәрдемдесу мәселелеріне, сондай-ақ жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндіктеріне және бизнесті қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Италия делегациясының атынан іс – шараға Fast Verdini, Essequattro, Capp Engineering құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндіру саласындағы компаниялардың басшылары қатысты.
Қонақтар өңірдің маңызды кадрлық әлеуеті, дамыған инфрақұрылым, инвестициялық алаңдар және Ақтөбе облысының бірқатар басқа да артықшылықтары бірлескен бизнес-бастамаларды іске асыру үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай арттыратынын атап өтті. Итальяндық жоғары технологиялық кәсіпорындар қазақстандық серіктестерге экономиканың осы секторында сұранысқа ие сапалы өнімдер мен жиынтықтауыштарды ұсына отырып, өз үлесін қосуға дайын.