Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту департаментінің міндеті мен қызметі:
-
- Акционерлік қоғамның инвестициялық жобалары бойынша жобалау және нысандардың құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру.
- Құрылыс саласындағы тәуекелдерді анықтау және қарастыру
- Тұрғын үй құрылысымен айналысатын құрылыс компаниялары мен жеке кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын қолдау және сүйемелдеу
- “Нұрлы жол” инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
- «Нұрлы жер» тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
- Тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тарту.
- Серіктестерді тарту және әлеуметтік нысандар құрылысы.
- «Ақылды үй» сияқты озық технологияларды қолдана отырып құрылысты дамыту.
- Аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы мен тұрғын үй құрылысын дамыту.
“Нұрлы жол” 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жаңа жобасы әзірленді
Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына бөлінген қаржы көлемі – 6,5 трлн теңге
Жаңа мемлекеттік бағдарлама халыққа қолайлы және қолжетімді болатын көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған. Автожол инфрақұрылымын дамыту аясында 10 мың шақырым жолды қайта жаңарту және 11 мың республикалық жолды жөндеу, 27 мың шақырым жергілікті жолды жөндеу жоспарлануда. Шағын әуе желілерін дамыту үшін жергілікті бюджет есебінен 16 әуеайлақ салынады.
«Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 551 мың жұмыс орны ашылып, оның ішінде 48,5 мың тұрақты және 502,2 мың уақытша жұмыс орындары пайда болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі 2019 жылғы деңгейге қарағанда 20 пайызға артады. Транзиттен түсетін кіріс көлемі 61%-ға, яғни жылына 4,2 млрд долларға ұлғаяды.
“Нұрлы жол” бағдарламасына бөлінген инвестицияның басым бөлігі – 3,9 трлн теңге (60%) көлік жолы саласына тиесілі. Республика бойынша 10 мың км жолды қайта жаңарту көзделген. Оның 3,8 мың шақырымы құрылысы өткен жылдан қалған, 2020-2021 жылдары аяқталуы тиіс жолдар: Қарағанды – Балқаш – Қапшағай, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахань, Қалбатау – Майқапшағай, Үшарал – Достық, Мерке – Буралбайтал және т.б. 6,2 мың км жол жаңадан салынады, бұлар: Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды, Жезқазған – Петропавл, Қарағанды – Аягөз және т.б. бағыттардағы жолдар.
“Нұрлы жер” тұрғын үй бағдарламасы 2020-2025 жылдарға дейін созылды
“Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асыру” міндеттемесінің бірінші мақсаты – халықтың кірісіне қарай қолжетімді баспана сатысын қалыптастыру. Отбасының әр мүшесіне кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес (29,7 мың теңге), кезекте тұрған азаматтарға баспана әріқарай сатып алу құқынсыз жалға беріледі (жетім балалар, 1, 2 топ мүгедектері, зейнеткерлер және т.б.).
“Бақытты отбасы” бағдарламасы бұрынғыдай әр отбасы мүшесіне кірісі екі ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес (59,4 мың теңге) кезекте тұрған (көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек баласы бар отбасылар) азаматтар үшін қолжетімді болады. 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі кірісі бар кезекте тұрған азаматтар (әскери қызметкерлер, бюджеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер) әкімдіктердің несиеге берілетін баспанасын “5-20-25” бағдарламасы бойынша ала алады.
Кірісі 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары азаматтар “7-20-25” бағдарламасы арқылы баспана несиесін рәсімдей алады. Ал кірісі 5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары азаматтар бастапқы және екінші нарықтағы баспананы рәсімдеу үшін “Баспана-хит”, ҚИК “Орда”, “Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен” “Өз үйім” сынды өнімдерді пайдалана алады.
Баспанамен қамтамасыз ету үдерісі неғұрлым ашық болуы үшін кезектегі азаматтардың Бірыңғай республикалық базасы жасалады.