«Ақтөбе» ӘКК командасы жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы мини-футбол турниріне қатысты. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 16 команда қатысты. Футболдан облыстық лиганың матчтарының қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтөбе облысы әкімінің командасы жеңіп алды, күміс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандарына бұйырды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның ойыншылары 3-орынды иеленді, біздің қоржынымызда – 12 жеңіс және бір жеңіліс, ал «Ақтөбе» ӘКК командасының капитаны Әнуар Асылов «Үздік бомбардир» атанды.