«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ шағын өнеркәсіптік аймақтар жобаларын іске асыруға арналған ашық конкурс жариялайды.
Бұл — бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына жеңілдетілген шарттармен ұзақ мерзімді қаржыландыру арқылы қатысуға арналған бірегей мүмкіндік.
Қатысушылар үшін негізгі артықшылықтар:
Қаржыландыру мөлшерлемесі жылына 3–4%;
Жобаның сметалық құнына сәйкес несие сомасы;
Несие мерзімі – 20 жылға дейін;
Жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін;
Меншікті үлес – кемінде 20%;
Құрылыстың ең аз аумағы – 1500 м²;
Мемлекеттік қолдау мен сенімді серіктестік.
Қатысу шарттары:
Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға болуы;
Қаржылық тұрақтылығын растау;
Салықтар мен өзге де міндеттемелер бойынша берешектің болмауы;
Кепілзат (жылжымайтын мүлік, жабдық және т.б.) ұсынуға дайын болу.
Қаржыландыру түрі:
Инвестициялық несие (ұлттық валютада – теңге), сомасы жобаның экономикалық негіздемесіне сәйкес сметадан аспауы тиіс.
Кепілзат талаптары:
Несие сомасының кемінде 100% мөлшерінде, оның ішінде 30%-дан кем емес бөлігі нақты мүлікпен (жылжымайтын мүлік, жабдық және т.б.) қамтамасыз етілуі қажет.
Құжаттар топтамасы бекітілген тізімге сәйкес қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау басталды.
Байланыс үшін:
Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы және «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ.
Өңірдің өнеркәсіптік инфрақұрылымын дамытуға серіктес болыңыз!
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 1 ай.
15