«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы төмендегіні хабарлайды.
2025 жылғы 14 тамызда «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ның (www.spk-aktobe.kz) ресми интернет-ресурсында Қоғамның меншігіндегі мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды. Конкурстың нысаны ретінде Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылы №24Н мекенжайында орналасқан «Табыс» жабық базары ғимараты мен оған іргелес жер учаскелері белгіленген еді.
Осы арқылы аталған хабарландырудың күші жойылған деп есептеулеріңізді сұраймыз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.