Несие шарттары:
– Қарыз мерзімі-1 жылға дейін;
– Сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 0,1% ;
– Қарыздың мақсаты – өнімді өткізуге жеңілдетілген баға белгілеу және оларды белгіленген бағалар бойынша Ақтөбе облысы аумағында жыл бойына апта сайынғы өнім жеткізумен бөлшек саудада өткізу мақсатында айналым қаражатын толықтыру.
Төмендетілген бөлшек сауда бағаларын бекітуге арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары атауларының тізбесі:
- Бірінші сортты бидай ұны;
- Рожки (өлшеніп салынатын);
- Тауық жұмыртқасы (I санатты);
- Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);
- Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі).
Кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруге қойылатын негізгі талаптар:
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;
5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;
6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;
7) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын кепіл, банктік кепілдендіру, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі түрінде қамтамасыз етеді. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету заңнамада көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2025 жылдың 26 наурызынан 4 сәуірге дейін (8 жұмыс күні).
Әлеуетті өнім беруші қатысуға өтінімді (еркін нысанда), коммерциялық ұсынысты және құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кешіктірмей spk.aktobe@mail.ru электрондық пошта мекенжайына немесе Ақтөбе қаласы, Маресьева көшесі, 103 «А» мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырады. Түсініктеме алу үшін мына телефонға: +7 (7132) 97-24-97 (ішкі 194) немесе көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуға болады.