«Ақтөбе» ӘКК» АҚ – Ақтөбе облысына инвестиция тартумен айналысатын өңірлік ұйым. Корпорация қызметі қолайлы бизнес-орта қалыптастыруға, инвестиция тартуға және жаңа жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
«Ақтөбе» ӘКК-да инвесторларға қызмет көрсететін фронт-кеңсе ашылды. Мұнда келушілерге инвестиция тарту саласында мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, кеңес беріледі. Фронт-кеңсе инвестициялық жобаларды сүйемелдеумен және “бір терезе” қағидаты бойынша инвесторларға қызмет көрсетумен айналысатын бірыңғай провайдер саналады.
Кәсіпкер жер учаскесінің техникалық шарттарын беруден бастап оны рәсімдеуге дейінгі барлық қызметтерді “бір терезеден” алады. Фронт-кеңседе отандық және шетелдік инвесторлармен түрлі кездесулер өтеді. «Ақтөбе» ӘКК-сы сондай-ақ, «Kazakh Invest»ҰК, «Атамекен» ӨКП, көші-қон, кеден және салық органдары өкілдерімен тығыз байланыста.
Инвесторлар мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтерді көрсету, жобаларды сүйемелдеу, маркетингтік және бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алу бойынша кеңес беру, сертификаттау, қаржы ұйымдары мен институттардың көмегі, даму, бизнестің заңды құқықтарын қорғау, кеден, салық, көші-қон қызметі секілді 9 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі.
Шетелдік инвесторлар мен отандық тауар экспорттаушыларға қолайлы болуы үшін бірыңғай сайт жасалып жатыр, онда бос жер учаскелері мен қажетті инфрақұрылымдар көрсетілген инвестициялық карта орналастырылады.
Қызметтер:
- Аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін сараптамалық талдаулар жүргізу.
- Инвестордың ісін ақпараттық сүйемелдеумен қамтамасыз ету, соның ішінде іскерлік кездесулер ұйымдастыру, инвесторлардың аймақтық деректер базасын жүргізу.
- Инвесторлармен келіссөздер кезінде қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу.
- Инвестиция саласы бойынша өтетін барлық шараларға қатысу.
- Мемлекеттік және өзге ұйымдардың қызметтерін алу барасында инвесторлармен “бір терезе” қағидаты бойынша байланыста болу.
Ақтөбе болысына инвестиция тарту бойынша өзара әрекет ету механизмі
«Ақтөбе» ӘКК» АҚ қызметкерлерінің міндеттері:
- Инвесторларды сүйемелдеу;
- аймақтық фронт-кеңсені сүйемелдеу;
- PR-сүйемелдеу;
- Сайт жүргізу;
- Мемлекеттік қызметтерлі алу кезінде ықпал ету.
Инвестор тарту саясатында қосымша құны жоғары өнеркәсіптік өндіріс, қызметтер мен жаңа технологияларға баса мән беріледі.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында инвестициялық жобалардың көлемі бойынша мұнайгаз химиясы, тау-кен металлургия кешені және металлургия, аграөнеркәсіп кешені, жаңартылатын әнергия көздері, көлік және тасымал, құрылыс материалдары салалары көш бастап келеді.
2019 жылы «Ақтөбе» ӘКК» АҚ қабырғасында инвесторлармен 77 келіссөз және 80 кеңес беру түріндегі кездесулер өткізілген.