Жетекшісі: Әлиев Қанат Советұлы
Тел: 8 71 32 97 24 96
Ал.пошта: k.aliev@spk-aktobe.kz
Комплаенс-қызметтің мақсаты мен міндеттері
Комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, атқаратын лауазымына қарамастан қоғамның лауазымды адамдары мен қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық қызметіне тарту тәуекелін барынша азайту болып табылады.
Комплаенс-қызмет қызметінің міндеттері:
– сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою;
– сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;
– Қоғам қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, сондай-ақ Қоғамның қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі Комплаенс-қызмет қызметінің негізгі бағыттары:
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қоғамның бірыңғай саясатын жүргізу;
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қоғамның мемлекеттік органдармен, сыртқы ұйымдармен, сондай-ақ азаматтармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетігін құру;
– Қоғам қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға неғұрлым белсенді қатысуға тартуға, олардың санасында сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған әкімшілік және өзге де шараларды қабылдау;
– қызмет көрсету кезінде адалдықты, ашықтықты, адал бәсекелестікті және объективтілікті қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқаулық
Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты