Осымен “Ақтөбе “Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ (бұдан әрі – қоғам) Ақтөбе облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және оларды төмендетілген бөлшек бағамен сату үшін қарыз беруге өтінімдер қабылдауды жариялайды.
1) төмендетілген бөлшек сауда бағалары үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары атауларының тізбесі:
– тауық еті;
Қарыз шарттары:
– Қарыз мерзімі-1 жылға дейін (12 ай);
– Сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 0,1% ;
– Қарыздың мақсаты-айналым қаражатын толықтыру.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беруге қойылатын талаптар:
1) кәсіпкерлік субъектілерінде өндірістік кәсіпорынның болуы (үшін
қажет болған кезде азық-түлік тауарларын өндіруге не тиісінше сақтауға, азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сауда-логистикалық (сауда субъектілері үшін) инфрақұрылымын (қойма құрылыстарын, арнайы жабдығы бар үй-жайларды және басқаларын);
2) банк өнімдері бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы (кредиттер, лизингтер, есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету бойынша берешек);
3) мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз өнім берушілердің тізілімінде болмауға және мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған және (немесе) уақтылы орындалмаған міндеттемелердің болмауына;
4) салық берешегінің болмауы;
5) қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл және / немесе банк кепілдігі түрінде беріледі;
6) бұрын берілген қарыздар бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
7) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға міндетті.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2024 жылғы 29 мамырдан 12 маусымға дейін (15 күнтізбелік күн).
Қаржыландыруға өтінім беру туралы түсініктеме алу үшін мына нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 (7132) 97-24-90 немесе мына мекен – жай бойынша хабарласуға болады: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 103 “А”, “Ақтөбе “Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамы, телефондары 8 7132 97 24 90 (ішкі 194). электрондық мекен-жайы: spk.aktobe@mail.ru