Ақтөбе ” ӘКК ” АҚ Ақтөбе облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және оларды тіркелген төмен бөлшек бағамен сату үшін қарыз беруге өтінімдерді қабылдайды.
Несие шарттары:
– Қарыз мерзімі-1 жылға дейін, одан әрі 3 жылға дейін ұзарту;
– Сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 0,1% ;
– Қарыздың мақсаты-айналым қаражатын толықтыру.
Төмендетілген бөлшек сауда бағаларын тіркеуге арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары атауларының тізбесі:
Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін комиссия кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерийлерге) сәйкес айқындайды:
1) кәсіпкерлік субъектілерінде азық-түлік тауарларын өндіруге немесе тиісінше сақтауға, азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін) немесе қажет болған кезде (қойма құрылыстары, арнайы жабдығы бар үй-жайлар және басқалар) сауда-логистикалық (сауда субъектілері үшін) инфрақұрылымның болуы;
2) банк өнімдері (кредиттер, лизингтер, есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету бойынша берешек) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
3) мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз өнім берушілер тізімінде болмауы және мамандандырылған ұйымдарында орындалмаған және (немесе) уақтылы орындалмаған міндеттемелерінің болмауы;
4) салық берешегінің болмауы;
5) қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы;
6) бұрын берілген займдар бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
7) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың 26 қыркүйектен 14 қазанға дейін (15 жұмыс күні)
Қаржыландыру туралы түсініктеме және өтінім беру үшін +7 (7132) 74-21-05 нөміріне немесе Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 103 “А”, “Ақтөбе “әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы” акционерлік қоғамы мекенжайы бойынша хабарласуға болады, телефоны 8 7132 74 21 05 (206 ішкі). электрондық мекен-жайы: spk.aktobe@mail.ru