Ақтөбе облысы бойынша ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін, Ақтөбе облысының әкімдігі 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта бағаны ұстап тұру үшін 5,2 млрд. теңге бөлді. Бұл ақшалай қаражат бағаны ырықтандырудың 2 тетігін жүзеге асыруды көздейді. Оның 2.2 млрд. теңгесі тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және жеңілдікпен несиелеуге, 3 млрд. теңгесі ӘМАТ өндірісімен және өткізумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің «айналымдағы» займына арналған.
Тұрақтандыру қоры
«Ақтөбе» ӘКК» 100% отандық көкөніс өнімдерімен толықтырылатын өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі оператор болып табылады. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында іске асырылады. Биылғы жылы Тұрақтандыру қоры 2022 жылғы өнімнің 2 309 тонна картобымен, 269 тонна жуасымен, 260 тонна сәбізімен және 46 тонна қырыққабатымен толықтырылады.
Бөлінген 1 млрд. 153 млн. теңге қаржыға 2022 жылы облыстың азық-түлік тұрақтандыру қорына 7 778 тонна және 100,0 мың литр мөлшеріне ӘМАТ сатып алынды:
— 7224 тонна көлемінде 1-ші сұрыпты бидай ұны;
— 434 тонна көлемінде құмшекер;
— 40 тонна көлемінде қарақұмық;
— 40 тонна көлемінде күріш;
— 100,0 мыңл литр мөлшерінде күнбағыс майы;
— 20 тонна көлемінде қырыққабат;
— 20 тонна көлемінде қырыққабат;
ӘМАТ тұрақтандыру қорынан нарықтық бағадан төмен, бекітілген бағалар бойынша өткізіледі. Қор тауарлары Ақтөбе қ. «Табыс» коммуналдық базары мен коммуналдық шағын базарлар арқылы облыс тұрғындарына сатылады.
Тұрақтандыру қорының тауарларын өткізу мекенжайлары:
1. «Табыс» коммуналды базары (әлеуметтік дүкен) Сәңкібай батыр даңғылы, 24Н.
Коммуналдық шағын базарлар (Табыс Агро дүкені)
2. Әуе қалашығы, 13 В;
3. Гастелло көшесі, 18Б;
4. Кереев көшесі, 4Б;
5. Бейбітшілік даңғылы, 15В;
6. Рысқұлов даңғылы, 4Б;
7. Ақжар-2 ауылы, 312 телім;
8. 11 ықшам аудан, 77Б телім;
9. 12 ықшам аудан, 16М телім;
10. Бөкенбай батыр көшесі, 131А;
11.Есет батыр көшесі, 109 А;
12. 11 ықшам аудан, 25Г;
13. Қарғалы тұрғын алабы, 10-үй.
Жеңілдікпен несиелеу
ӘМАТ-қа бағаны ұстап тұрудың екінші тетігі бойынша ӘКК кәсіпкерлерді «айналымдық сызба» бойынша жеңілдікпен несиелеуді жүзеге асырады.
Оған кәсіпкерлік субъектілері, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндірумен және өткізумен айналысатын сауда кәсіпорындары атсалыса алады.
Өз өнімдерін бекітілген бағалар бойынша өткізу басты талап болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелеу тетігі бойынша 1 млрд. 512 млн. теңгеге 4 шарт жасалды. Оның 3 тауар өндірушілердің және 1 сауда субъектісінің еншісінде.
Жеңілдікпен несиелеу тетігіне кәсіпкерлік субъектілері қатысады:
1. Тауық жұмыртқасын жеткізуге жергілікті өндіруші «Рамазан» ЖШС-мен 460,0 млн. теңгеге. (14,0 млн. дана. 1-сұрыпты жұмыртқа. Қазақстан Республикасы бойынша ресми статистикалық мәліметтердің орташа көлемінен бағасы 7% кемітіледі);
2. «Болат ЛТД» ЖШС жалпы сомасы 252,0 млн. теңгеге (литріне 840 тг) 300 тонна күнбағыс майы;
3. «Айбек» АӨК 400,0 млн. теңгеге 500,0 тонна сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі, келісіне 1750 теңгеден);
4. «Арман-М» ШҚ 400,0 млн. теңгеге 500,0 тонна сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі, келісіне 1750 теңгеден);
ӘКК бұдан әрі де «айналымдық сызба бойынша» жеңілдікпен несиелеу шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін мейлінше көбірек қамтуды жоспарлап отыр.
Негізгі шарттар:
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,1%!
Қатысушылар: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын шығарумен және өткізумен айналысатын Ақтөбе облысының өндірушілері мен дистрибьютерлері, сауда желілері