«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (әрі қарай – Қоғам) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және оларды төмендетілген бөлшек сауда бағалары бойынша Ақтөбе облысы аумағында сатуға, 0,1 пайызбен айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз алуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.
Төмендетілген бөлшек сауда бағаларына арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі:
– макарон (мүйіз);
– бидай ұны 1/с;
– қарақұмық жармасы;
– жылтыратылған күріш;
– сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі);
– өсімдік майы;
– ас тұзы (экстрадан басқа);
– ақ қауданды қырыққабат;
– картоп;
– басты пияз;
– асханалық сәбіз;
– сүзбе 5-9%;
– сары май 72,5%;
– сүт 2,5% (жұмсақ қаптамада);
– айран 2,5% ф. (жұмсақ қаптамада);
– тауық еті;
– 1-санатты тауық жұмыртқасы.
2) Жеткізу мерзімі: Өнімді 2022 жыл ішінде Тапсырыс берушінің өтініші бойынша, Өнім берушінің Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында орналасқан қоймасынан 1 жұмыс күні ішінде партиялармен шығарады. Бағаға тауарларды тиеу және жеткізу кіреді;
3) Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2022 жылдың 09 маусым, сағат 18.00-ге дейін.
Қарыз шарттары:
– Қарыз мерзімі – 1 жылға дейін;
– Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,1%;
– Қарыздың мақсаты – айналым қаражатын толықтыру.
Сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші келесі талаптарға сай болуы керек:
Қоғам қосымша ақпарат алу қажет болған кезде өзге де құжаттарды сұратуға құқылы.
Әлеуетті қарыз алушы жобаға қатысуға өтінімді және құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кешіктірмей spk.aktobe@mail.ru электрондық пошта мекенжайына немесе Ақтөбе қ., көш. Маресьев 103 «А», байланыс телефоны: +7 (7132) 74-21-05, (ішкі 206).
Нәтижесі «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ сайтында орналастырылады.