«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және оларды белгіленген, төмендетілген бөлшек сауда бағалары бойынша Ақтөбе облысы аумағында сатуға, 0,1 пайызбен айналым қаражатын толықтыру үшін несие алуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Төмендетілген бөлшек сауда бағаларын бекітуге арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі: 1) Өнімнің атауы: макарон (мүйіз), сүзбе 5-9%, сары май 72,5%, сүт 2,5% (жұмсақ қаптамада), айран 2,5% ф. (жұмсақ қаптамада), тауық еті; 2) Жеткізу мерзімі: Өнімді 2022 жыл ішінде Тапсырыс берушінің өтініші бойынша, Өнім берушінің Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында орналасқан қоймасынан 1 жұмыс күні ішінде партиялармен шығарады. Бағаға тауарларды тиеу және жеткізу кіреді; 3) Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2022 жылдың 13 сәуірі, сағат 18.00-ге дейін.Несие шарттары:• Несие мерзімі – 1 жылға дейін, одан әрі 3 жылға дейін ұзартумен;• Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,1%;• Несиенің мақсаты – айналым қаражатын толықтыру. Сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші келесі талаптарға сай болуы керек:
жүзеге асыруға және қажет болған жағдайда өндірістік (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін) немесе сауда-логистикалық (сауда субъектілері үшін) инфрақұрылымының болуы (қоймалар, арнайы жабдықтары бар үй-жайлар және т.б.). әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны шектеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін азық-түлік тауарларымен басқа да операцияларды жүргізу;
бойынша берешек) бойынша мерзімі өткен берешектердің болмауы;
Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы №131 қаулысында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асыру. Сауда қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы.
Әлеуетті қарыз алушы жобаға қатысуға өтінімді және құжаттар топтамасын белгіленген мерзімнен кешіктірмей spk.aktobe@mail.ru электрондық пошта мекенжайына немесе Ақтөбе қ., көш. Маресьев 103 «А», байланыс телефоны: +7 (7132) 74-21-05, (ішкі 206).
Сатып алу нәтижелері «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ сайтында орналастырылады.