«Ақтөбе» ӘКК басшысы Тілеужан Тлешов «Turkistan iTech» ЖШС бас директоры Ерлан Әлімбаевты қабылдады.
Кездесуде Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларынның бағасын тұрақты ұстап тұру үшін еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірішілерден делдалсыз сатып алуға арналған ORC.KZ электрондық сауда алаңынын мүмкіндіктері таныстырлып, оны өңірде енгізу және іске қосудың жолдары талқыланды.
ORC.KZ – бір ғаламтор кеңістігінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен оны жеткізушілерді біріктірудің жолдарын іздеу және сатып алушыларға көтерме-таратушы орталықтардың негізінде жергілікті өндіріс тауарларын өткізудің барлық артықшылығын көрсету үшін құрылған бірегей қазақстандық платформа.
Шара барысында «Ақтөбе» ӘКК мен «Turkestan iTech» ЖШС арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Сонымен қатар «Turkestan iTech» ЖШС өкілдері, облыстық және қалалық мемлекеттік мекемелердің жауапты мамандарымен келіссөздер жүргізіп. Өңірге қажетті әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндірушілерден тікелей жеткізу жолдарын талқылады.