“Ақтөбе” ӘКК ” АҚ Ақтөбе облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және оларды белгіленген шектес бөлшек сауда бағаларымен сату үшін кредит беруге өтінімдер қабылдауды бастайды.
Төмендетілген бөлшек сауда бағаларын тіркеуге арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары атауларының тізбесі:
– тауық еті;
– тауық жұмыртқасы (I санат);
– сары май;
– сүзбе: 5-9%;
– – майлылығы 2,5% пастерленген, жұмсақ орамдағы сүт;
– майлылығы 2,5% жұмсақ орамдағы айран;
– макарон.
Несие шарттары:
* Қарыз мерзімі-1 жылға дейін, одан әрі 3 жылға дейін ұзарту;
* Сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 0,1%;
* Қарыздың мақсаты-айналым қаражатын толықтыру.
Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы №440 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларының талаптарына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия айқындайды:
* кәсіпкерлік субъектілерінде азық-түлік тауарларын өндіруге не тиісінше сақтауға, азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін) не қажет болған кезде сауда-логистикалық (сауда субъектілері үшін) инфрақұрылымның болуы;
* банк өнімдері бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы (кредиттер, лизингтер, есеп айырысу шоттарына қызмет көрсету бойынша берешек);
* Мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмауы және мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған және (немесе) уақтылы орындалмаған міндеттемелері болмауы тиіс;
* салық берешегінің болмауы;
* қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы;
* бұрын берілген қарыздар бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
* банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға;
* қызметті “сауда қызметін реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңында және “сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы №131 қаулысында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асыру.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылдың 20 желтоқсанынан 24 желтоқсанына дейін.
Түсіндіру және қаржыландыруға өтінім беру үшін келесі нөмір бойынша хабарласуға болады:
+7 (701) 222 97 30