10 наурыз, сәрсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров “Ақтөбе” ӘКК” АҚ басқармасының жаңа төрағасы Тілеужан Тілешовты таныстырды. О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернатының, Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің, “Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының”, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының түлегі еңбек өтілін Алматы қаласындағы “АТФ Банк” ААҚ-да маман болып бастаған.
Әр түрлі жылдары ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында кафедраның аға оқытушысы, “Нұрсәт” АҚ коммерциялық директоры, Алматы қаласындағы”Отан” жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ әкімшілік директоры, ҚР ақпарат және байланыс министрінің кеңесшісі, “Хабар агенттігі” АҚ басқарушы директоры, “Зерде” Ұлттық инфокоммуникация холдингі” АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
Осы қызметке тағайындалғанға дейін «PIONEER» ЖШС инвестициялық компаниясының бас директоры лауазымын атқарды.
Облыс әкімі осы уақытқа дейін “Ақтөбе” ӘКК-ні басқарып келген Ермек Имантаевқа атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.