«Ақтөбе» индустриялық аймағы» басқарушы компаниясының директоры өзгерді. Бұл қызметті енді Күнбол Тұрымов атқарады. Ол бұған дейін «Ақтөбе» ӘКК құрылыс және инфрақұрылымдық даму департаментінің жетекшісі болған еді. Жаңа басшыны ұжымға корпорацияның басқарма төрағасы Ермек Имантаев таныстырды.
«Ақтөбе» индустриялық аймағы жақсы дамып жатыр. Болашақта оның аумағын кеңейту мәселесі көтерілуі мүмкін. Өйткені, индустриялық аймақтан жер алып, өндіріс орнын ашуды ниет етіп отырғандар көп. Күнбол Мейрамбекұлына жаңа жұмысында сәттілік тілеймін! Өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенімдімін», – деді басқарма төрағасы.
Күнбол Тұрымов өз кезегінде алға қойған мақсаттарға ұжыммен бірге жететініне үміт білдірді.
Индустриялық аймақты басқару компаниясының бұрынғы директоры Әлімжан Жалбаторов та ұжымға және резиденттерге алғысын білдіріп, болашақта көптеген жобаларды бірігіп жүзеге асыратынын атап өтті.